Адидас

"Трусы муж." деген сөзді "Қорқақтар еркек" деп аударыпты.

 

Ержан атты қолданушы бүгін әлеуметтік желіде қазақ тіліне аударма жасаудың сорақы үлгісі жайлы жазды. Суреттен көріп тұрғанымыздай ол қате ерлердің іш киіміндегі сауда белгісінде кеткен.

"Трусы муж." деген сөзді "Қорқақтар еркек" деп аударыпты. Дұрысы "Ерлердің іш киімі" ғой!

Құны 4990 теңге тұратын 48-50 мөлшерлі бұл іш киім "Адидас" ЖШС-на тиесі екені, Шри-Ланкада жасалғаны жазылған.

"Суретке қарап ойлаймын: надан болудың шегі жоқ екен ғой... Бұл дүкен Атырауда екені қатты өкіндіреді... Атырау - қазақ тілі жанданған қала ғой. Бұл этикетерді орталықтан шығарады, яғни Алматыдан" деп жазады Е.Алашұлы атты қолданушы.


Бұл факт елімізде аударма ісі тұралап жатқанын һәм мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту шаралары жеткілікті түрде атқарылмауда екенін байқатқандай. Аударманың интернеттегі онлайн аудармашы арқылы жасалғаны анық. Бұл әлі күнге дейін бізде жөні түзу онлайн аудармашы да жоқ екенін дәлелдеп тұр.

Комментарии (3)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.