Қазақ тілін дамытайық!!!!

Бәріміз бір болайық...

Бүгін Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан "Баурсак бала" атты дәмханаға барып, директорына аталмыш тамақтану орнының маңдайшасында қазақ тіліндегі сөздердің қателігі жайлы ескерткіміз келген. Онымен мекеме басшысы орнында болмады, әкімшілігінен бір орыс әйел шықты да, біздің не сауалмен келгендігімізді сұрады. Нендей шаруамен жүргеніміздің жәй-жапсарын айтар-айтпас бұрын әлгі апай "Это ведь название! Мы назовем как захотим!" деп тіксірейіп, сөзімізді әрі қарай тыңдағысы келмеді. Әрбірден соң біз ҚР Конституциясының «Тіл туралы» заңының мемлекеттік тілге қатысты 21-бабының(Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi )өрескел бұзылып жатқанын және осы заңның 24-бабы (Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық) бойынша тиісті шаралар жауапты органдардың қатысуымен қолданылатынын айтып едік, орыс әйелдің өзгеріп сала бергені-ай!(қызарды, сұрланды) Біздің нөмірімізді жазып алып, директорына беретінін, сол кісінің өзі бізбен сөйлесетінін айтты. Біз жақсы деп кетіп қалдық. Пы.Сы: Өздерінше дәмхананың атауын "Баурсак бала" деп қойып алып, адам "жинаудың" осындай әдісін тапқан қазақсүйгішсымақтардың бұл мекемесінің ішінде бірде-бір қазақша сөз жоқ екен. Байқадыңыз ба? Біз бүгін бірінші рет бас сұқтық, ас мәзірі, тағысын тағы қағаз-жарнамалардың бәрі дерлік орыс тілінде жазылған. "Баурсак бала" деп жазылған жиде киген қазақ ұл-қыздары даяшы, аспаз болып шауып жүр. Ал, біз мұнда.... Әлгі орыс анда... Эх... қош!!! Жолдастар!!! осы бір шаруаның соңына шықпай тыныштық таба алар емеспіз. М.Шаханов айтқандай, "заңсыз бәрі де бос әңгіме"! ...Заң бар, біз тек тілімізді қорлатуға жол бермелік!!!

Мерей Купжанов

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.