ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛ

Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеумешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек.

Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы — Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.

Қазақстан Республикасында заң жүзінде бекітілген шіркеумешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ыкдалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды. Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады. Қазіргі таңца әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде — ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеггіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар, КСРО-ның ьщырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі эр түрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды.

Қазірде Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның біріктіруші-бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірлестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға, кәрі-құртаңдарға, жалғызіліктілерге және т.е.с. қайырымдылық көрсетуді де ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері бейбітшілік, төзімділік және сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған.

Жаңа Заң Жобасының талқылануы осыны аңғартты
Елімізде көрініс беріп жатқан діни қақтығыстар айналып келгенде заңға тірелері хақ. Заңы мықты ел жауға жағасынан алдыртпасы белгілі, ал, ол осал болса ел ішіне қитұрқы саясатын сынамалап кіргізуге тырысатындар қашан да табылады. Жастарымыз теріс ағымдардың қатарында кетпесін деген жанашырлар соңғы жылдары «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігін қайта-қайта көтеріп келді. Ақыры, ұсыныс-тілек жоғарыға жетіп, жақында Заң жобасы әзірленіп, Парламентке ұсынылды.
Осы Жоба облыс әкімінің орынбасары Асқар Керімов төрағалық ететін облыс әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысында талқыға түсті. Кеңес мүшелері тарапынан заң жобасы бірауыздан қолдау тапты.
Бүгінде дәстүрлі емес діни ағымдарға кіріп жатқан жастарымыз мемлекеттік құрылымға, қоғамға өздерінің теріс әрекеттерімен кедергі келтіруде. Осындай мәселелерді атап көрсеткен облыс әкімінің орынбасары А.КЕРІМОВ бүгінгі Кеңес отырысында Діни мәселелерге қатысты жаңадан толықтырылған Заң Жобасын талқылап, өз ұсыныстарын айтатындықтарын жеткізді.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарының жобаларын талқылау туралы Атырау облысының Дін істері департаменті директорының міндетін атқарушы Мұхтар ІЗҒАЛИЕВ хабарлама жасады.
- ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Қ.Лама Шариф «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Парламент Мәжілісінде таныстырғаны өздеріңізге мәлім. Бұл жобаның біздің қоғамға маңыздылығы жоғары. Заң жобасының мақсаты – діни бірлестіктер қызметінің және азаматтардың діни қызметінің негізгі бағыттарын құқықтық реттеу, — деді баяндамашы.
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы жаңа Заң Жобасының 3-бабында бірнеше өзгерістер бар, соның ішінде «Діни бірлестіктердің басшысы кәмелетке толмаған азаматтың ата-анасының біреуі немесе олардың заңды өкілдері қарсылық білдірген жағдайда, кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті» деген тармақ қосылған.
Діни жоралар мен рәсімдер туралы 7-баптың 3-і бөлімінің 3 тармақшасында «діни оқу орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және оларға бөлінген аумақта өткізуге (жасауға) жол берілмейді» делінген.
Діни бірлестіктердің мәртебесі туралы 12-бапта «Кемінде екі облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан, Қазақстан Республикасының Астанасынан өкілдік ететін, әрқайсысында кемінде екі жүз елу адам саны бар екі және одан да көп жергілікті діни бірлестіктердің мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік болып танылады. Өңірлік діни бірлестіктер осы жергілікті діни бірлестіктердің қызметі аумағының шегінде құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.
Барлық облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан, Қазақстан Республикасының Астанасынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының кемінде бес мың азаматының бастамасы бойынша құрылған, әрқайсысында кемінде үш жүз адам саны бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында өз құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар діни бірлестік республикалық діни бірлестік болып танылады» деген тармақтар қосылған.
24-баптағы өтпелі ереженің 1 тармағында «Діни бірлестіктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде осы Заңның талаптарына сәйкес өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті. Сонымен бір мезгілде тіркеуші органға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын құжаттарды береді».
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу туралы 375-бабы 5 тармақтан тұратын болса, бұған қосымша 3 тармақ қосылған және «әр тармақтың бұзылуына байланысты діни бірлестіктердің басшыларына — үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға діни бірлестіктің қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері туралы 182-бабында «Кәсіптік міндеттерін орындау кезінде медицина және фармацевтика қызметкерлерiнің өз діни нанымдары бойынша қандай да бір әрекет (әрекетсіздік) жасауына, сол сияқты олардың азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін діни жоралар мен рәсімдерді өткізуіне (орындауына) жол берілмейді» деген 8 тармақ қосылған.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы туралы 19-бабына «Балалардың сауықтыру, бос уақытын пайдаланатын спорттық, шығармашылық және өзге де ұйымдарында, лагерлер мен санаторийлерде діни жоралар мен рәсімдерді, сондай-ақ діни ілімді таратуға бағытталған іс-әрекеттерді жүргізуге жол берілмейді» деген 5-ші тармақ қосылған.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру туралы 27-бабының 2 тармағына «рухани (діни) білім беру ұйымдарында күндізгі білім алатын азаматтарға оқитынын растайтын құжаттарды ұсынған кезде» және 5 тармақшада «діни дәрежесі бар әскерге шақырушыларға діни қызметі кезеңіне» деген сөздер қосылған.
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметтi лицензиялау туралы 27-бабына «заңды тұлғалардың шет елдерге діни оқу орындарда оқу үшін жіберуге байланысты қызметі» деген 15-ші тармақ қосылған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Мемлекеттiк мүлiктi өтеусiз пайдалану шарты туралы 76-баптың 5 тармағындағы «Ғибадат үйлерi (ғимараттары) мен өзге де мүлiктi өтеусiз пайдалануға беру тәртiбi «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi деген және 118-баптағы «Дiни бiрлестiктердiң меншiгiне ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлiктi беру туралы» 2 тармағындағы «Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) және ғибадат ету мақсатындағы өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктердiң меншiгiне беру тәртiбi «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес айқындалады» деген сөздер алынып тасталған. Жалпы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңға 70 пайыздай өзгерістер мен толықтырулар енгізілу жобасы даярланған.
Заң Жобасы таныстырылғаннан кейін сөз алған облыстық Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Оразбек ҚАСЫМОВ Заң Жобасының бірінші оқылымнан өткенін, 1992 жылғы Заңмен салыстырғанда көп өзгерістер енгенін айтып өтті. Ал, облыстың Бас имамы, ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі Нұрбек ЕСМАҒАНБЕТ: Діни бірлестіктер құру үшін адам санын бірнеше мыңдаған адамға жеткізу қажет екенін, әйтпесе шетелдік миссионерлер өздерінің сұрқия саясатын жүргізу үшін 50 адамды сатып алуға дейін барады деген ұсынысын білдірді. Мұндай жағдайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен тең құқылы діни бірлестіктердің қатары азаймауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл жерде сауатты жұмыс жасай білетін протестанттық бағыттағы діни бірлестіктерді де ескерген жөн шығар. Өйткені, олардың қатарында қазірдің өзінде 1000-ға жуық адам жұмыс жасап отыр.
Облыстың Бас имамы бұл жолғы өзгертулер мен толықтырулардан хиджаб мәселесінің тағы да шет қалғанын ерекше атап өтті. «Бүгінгі таңда оқу орындары орамал таққан оқушыны мектепке не кіргізерін, не кіргізбесін білмей дал. Осы мәселені біржақты етіп шешім шығаратын уақыт әлдеқашан жетті, ендеше, бұл мәселенің көтерілмей қалуы алда тағы да шиеленісті мәселелердің тууына алып келеді», — деді ол.
- Жаңа Заң Жобасы өз нәтижесін береді деген ойдамын, — деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Киікбай ЖАУЛИН. – Жаңа өзгерістермен танысып шықтым, көптеген толықтырулар енгізіліпті. Бұл Жобаны қолдай отырып, басқаларды да соны қолдауға шақырамын.
Теріс пиғылды діни ұйымдардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталған Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Серік АРЫСТАНОВ: «Аудан бойынша 3 мешіт жұмыс жасайды. Дәстүрлі емес діни ағымдарға тосқауыл қою мақсатында мектепте де, кітапханада да қыруар жұмыстар атқарылуда. Болашақта да жағдайды қалыпты ұстау үшін ауданға келген бөгде азаматтарды, діни әдебиеттердің аудан ішіндегі қозғалысын, аудио-бейне өнімдердің келуін қатаң бақылау қажет. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен мұғалімдердің сыртқы пішіні және киім кию үлгісі жіті қадағалауда болған жөн», — деген ұсыныстарын айтты.
Исатай ауданы, Забурын ауылдық округі Зинеден ауылына және Мақат ауданы Доссор поселкесінің «Шапағат» ықшам ауданына мешіт ғимаратының құрылысын салу үшін келісім беру мәселесіне облыс әкімінің орынбасары Асқар Керімов: «Мешіт салуға рұқсатты Дін істері Агенттігінің және ҚМДБ-ның келісімі бойынша береміз. Ал, оның имамын жергілікті Бас имамның нұсқауымен тағайындаймыз», — деп жауап берді. Сондай-ақ, Асқар Абайұлы «Дінтану пәнінен» сабақ беретін мұғалімдер мен аудан әкімдерінің діни мәселемен айналысатын орынбасарларын 2-3 айлық курстардан, семинарлардан өткізу қажеттігін айтып, оларды теолог мамандармен қамтамасыз етуді Бас имамға жүктеді. Бүгінде орталық мешітте теолог мамандардың, Түркиядан келген ұстаздың дәріс беріп жүргендігін ескерсек, бұл тараптан мәселе болмайтын сыңайлы. Оның үстіне Асқар Абайұлы теолог мамандарға жалақы тағайындалатынын айтып өткен болатын. Ал, «Нұр-Мүбарак» Ислам университетінің біздің облысқа 300 квота бөліп отырғандығын ескерсек, имамдардың қатары жергілікті жастармен толығатынына күмән жоқ.

  • Теги:

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.