Қайрат – чемпион!

Қайраттың сахнада ән салған кезінде нағыз өнер адамы екендігі де көзге ұрып тұрады. Сөз жоқ, шебер орындаушы. Барлық жағынан чемпион!

Қазақ эстрадасында тынымсыз еңбек етіп жатқан жұлдыздардың бірі – Қайрат Нұртас.  Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков 1989 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Сахнаға ең алғаш 9-10 жас шамасында шыққан.  Сол кезден бері он анасы Гүлзира Айдарбекова жалықпай жетелеп келеді. Қазіргі кезде Қайрат көпшіліктің ең сүйікті әншісі.  Табиғи талантына анасының еңбегі қосылып, әншінің бағы жанды. Қайрат жас, сымбатты, әрі біршама ерке жігіт. Сондықтан болар, оны жұрт көбінесе – «мамасының баласы» деп атайды.

Қайрат Нұртас өзі аттас журнал шығарды, «Өкініш» атты өзі туралы фильм түсірді. Жеке ресми сайт да бар. Оған қоса өзінің бір сұхбатында дизайнерлік киімдер топтамасын да шығаруы мүмкін екендігін айтқан.

Қайраттың сахнада ән салған кезінде нағыз өнер адамы екендігі де көзге ұрып тұрады. Сөз жоқ, шебер орындаушы. Барлық жағынан чемпион!  Бірақ қазіргі кезде Қайрат Нұртастың әндерінен гөрі жеке басына көп сын айтылады. Әрине, көптің көз алдында болғаннан кейін көре алмаушылық та орын алады, «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны»  да бар. Бір кездері Қайрат қайырымдылықпен айналысады деген әңгіме де шыққан болатын. Бірақ оның продюсері әлі мұндай қадамға бара қоймайтын сияқты.

Қазір Қайрат көпшіліктің ыстық ықыласына ие. Ал қыздар үшін Қайраттан асқан чемпион жоқ! Енді елге де бет бұрып, қайырымдылық концертімен бүкіл Қазақстанды аралап шығудың уақыты келді және оған (қай жағынан алғанда да) Қайраттың мүмкіндігі жетеді. Өзіне осыншама ықылас-пейілін танытып отырған халыққа оның да бір жауабы осы болар ма еді?



“Өкініш” фильмінен үзінді. Мұнда да ақша көп сөз болған сыңайлы. “Өкініш” фильмінен өкініп қайтпайық…



Қайрат кішкентай кезінен сахнада. Бұған дәлел – мына  бейнесюжет

 



Қайрат бұл әнді өзіне ғашық қыздарға арнаған-ау, сірә…

 



Қайраттың артынан өсек те көп ереді. Бірақ бұлай билеуінде тұрған ештеңе жоқ сыңайлы. Гарлем шейк биін билегендерді де қолдап жатыр емес пе?



Оған еліктейтін жас қаншама… Демек, Қайрат өзінен кейінгілерге үлгі болуы керек

 

kalaisyn.kz сайтынан алынған.

Комментарии (1)

  • Кимылы шеккен адамга уксамайды.Ар адамнын оз кемшiлiгi ,бар.Ал, Кайрат сен жулдыз ауруынан сактан.

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.