Енді еліміздің студенттері пәнді өздері таңдайды

2014 жылдан бастап Қазақстанның ЖОО студенттері оқытылатын пәндердің 70 пайызын таңдау құқығына ие болады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов айтты.

«Ескірген не болмаса талап етілмейтін пәндер мен білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды тоқтату шаралары қабылданады. 2014 жылдан бастап-ақ жоғары оқу орындарында пәндерді таңдау компоненттері өзгертіледі. Ендігі уақытта пәндердің 70 пайызын студенттер өз қалауларымен таңдап алса, тек 30 пайызы ғана міндетті болады», - деді ол.

Е.Сүлейменовтің атап өтуінше, бүгінде Қазақстанда 140-тан астам жоғары оқу орны бар әрі олардың үштен екісі жекеменшік білім ошақтары. ЖОО-лардың басым бөліктері заңгер, экономист сынды еңбек нарығында сұранысы төмен мамандықтарды оқытады.

 

Дереккөз: inform.kz / Марлан Жиембай

Сурет: new.tlt.ru

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.