Мысырда тағы бір пирамида табылды

Мысыр Ислам Республикасының Луксор қаласында тағы бір пирамида табылды. Бельгияның археологтары мәлімдегендей, оның үш мыңжылдық тарихы бар.

Ғалымдардың пайымдауынша, аталған мазар ежелгі Мысырдың ұлы билеушісі II-Рамзестің уәзірі үшін салынған. Француздың «Nouvel Observateur» басылымы ол пирамиданың фараондар жатқан мазарлардан әлдеқайда төмен екендігі туралы жазып отыр. Оның биіктігі - 15 метр. Әзірше, бұл тек болжам ғана. Тарихи жәдігердің қазіргі жағдайы аса мәз емес: осы уақытқа дейін пирамиданың 5 метрі ғана сақталған. Мысыр мемлекеті  аса маңызды бұл археологиялық жаңалықты растап отыр.

 

Дереккөз: inform.kz

Фотосурет: duatai.net 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.