Қазақстанда 100 шақты жатақхана салынады

«Студенттiк жатақхана» бағдарламасы бойынша елiмiзде 100-ге жуық жатақхана салынбақ. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Қазақстанның 20 жылдық тарихында көп болса бiр 2-3 жатақхана салынды. Қазiргi уақытта Елбасының, Үкiметтiң тапсырмасы бойынша бiз «Студенттiк жатақхана» деген бағдарламаны қабылдадық. Сол бағдарламаға сәйкес бiз Қазақстанда 100-ге жуық жатақхана саламыз. Ол жатақханалар Астана мен Алматыда ғана емес, ол басқа облыс орталықтарында салынатын болады», - дедi Б.Жұмағұлов. 

Дереккөз: BNews.kz / Диана Құлмағанбетова

Фотосурет: kaznu.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.