«Болашақ» түлектері «Damu Start Up» бағдарламасына қатысуда

«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды. 

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының 2013 жылдан бастап іске қосқан «Damu Start Up» бағдарламасына «Болашақ» қауымдастығының «Smart start» бизнес саласындағы тобының бір топ түлектері ең алғашқылардың бірі болып қатысуда.

«Damu Start Up» бағдарламасы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоба. Негізгі мақсаты – жас кәсіпкер тарапынан халыққа пайдасы тиетін, адамдарға жұмыс бере алатын, болашағы бар жобалар ұсынылып жатса, соларға несие беру.

Биылдан басталған «Damu Start Up» бағдарламасына бүгінде 27 адам өтініш білдіріп, оның 17-сі банктен несие рәсімдеуге көшкен.

 

Дереккөз: bnews.kz / Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

 Фотосурет: funddamu.yvision.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.