Астанада ашық мүшәра жарияланды

Елорда әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы және Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы «Астананың 15 жылдығы» мерекесі құрметіне «Жарқыра, жайна, Астана!» атты ашық мүшәйра жариялайды, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Бәйгені тәуелсіз Қазақ елінің өткен күрделі тарихын, бүгінгі ерен жетістігін, болашақ ұлы арманын ұлттық рухпен көмкере отырып, көркем тілмен кестелей алған ақындар иеленеді.

Бас жүлде – жеңіл автокөлік.

Бірінші орын – біреу.

Екінші орын – екеу.

Үшінші орын – үшеу.

Ынталандыру сыйлықтары – бесеу.

Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдер, толғаулар, поэмалар қабылданады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды. Жүлдегерлер сыйлығы 2013 жылдың 1 шілдесі күні Конгресс-Холл сарайында салтанатты түрде тапсырылады. Бәйге алған шығармалар «Алтын тамыр» журналында жарияланады, әрі жеке кітап болып басылады.

Ескерту: Астанаға келіп-кету жол шығыны мен жатар орын мәселесін жеңімпаздардың өздері шешеді. Индекс: 010000, Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20 «А». «Сәкен Сейфуллин мұражайы» МКҚК. Электронды байланыс: Seifullin_museum@mail.ru. Байланыс телефоны: (8-7172) 32-84-67, (8-7172) 53-34-03.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.