Астанада «Ломоносов - 2013» халықаралық конференциясы өтеді

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы 2013 жылғы 12-13 сәуір күндері студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов - 2013» ІХ халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты - студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан студенттерінің және жас ғалымдарының білім беру және ғылыми байланыстарын дамытуға жәрдемдесу болмақ.

Конференция ауқымында бірнеше секция жұмыс жасауы жоспарлануда.

Оған қатысуға ғылыми жетекшілерінің ұсынбаларымен студенттер, магистранттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар шақырылады.

Конференцияға қатысуға тілек білдірушілер msukz@mail.ru электронды мекенжайына белгіленген үлгідегі сауалнама-өтінімді, ресімделуіне қойылатын тиісті талаптарға сәйкес баяндамалардың тезистерін, ғылыми жетекшінің немесе жоғары оқу орны (факультет) басшылығының рецензия-ұсынбасын жіберуі тиіс.

Көрсетілген материалдар 15 наурызға дейін ұсынылуы қажет. Ұйымдастыру жарнасы (тезистерді бастыру үшін) 1500 теңге.  

www.msu.kz сайтынан ағымдағы ақпараттармен және тезистерді рәсімдеу үлгісімен танысуға болады.

 

Дереккөз: inform.kz

Фотосурет: ampby.org

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.