Таразда оқушылар арасындағы республикалық олимпиада басталды

Таразда оқушылар арасында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олимпиадаға 14 облыстың, Астана, Алматы қалаларының, республикалық білім ұйымдары мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 574 оқушысы қатысуда.

Ақпаратқа қарағанда, олимпиада Тараз қаласында қазақ тілі мен әдебиеті; орыс мектептердегі қазақ тілі; қазақ мектептеріндегі орыс тілі; ағылшын тілі; француз тілі; Қазақстан тарихы; құқықтану негіздері сияқты 9 қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша өтуде.

Олимпиаданың салтанатты ашылуы бүгін, 26 наурызда «Баласағұн» орталық концерттік залында болған.

Олимпиадаға қатысушыларға арнап ұйымдастырушылар мәдени-таныстыру бағдарламасын - Қарахан, Айша бибі тарихи ескерткіштеріне баруды, «Қысқы баққа» экскурсия жасауды және басқа да шараларды ұйымдастырған.

Источник: ortcom.kz

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.