Бейжіңде қазақстандық кино апталығы өтеді

Бейжіңде 17-22 сәуір аралығында қазақстандық кино апталығы өтеді. Бұл шара қытай көрермендеріне ҚР-ның қазіргі кинематографымен таныстыру мақсатын көздейді, деп хабарлады Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында.

«Біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты атап өткім келеді. 2012 жылғы маусымдағы мемлекеттер басшылары уағдаластығына сәйкес 2013 жылғы қараша айына жоспарланған Қытайдағы Қазақстан мәдениеті күндеріне әзірлік жүргізілуде. 2014 жылы ҚР-да ҚХР мәдениеті күндері өтед», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай халықаралық мәдениет ұйымдарының, атап айтқанда ЮНЕСКО-ның ауқымында белсенді өзара іс-қимылды белсенді жүргізуде. Айталық, қазіргі кезде қытай және қырғыз тараптары бірлесе отырып, Ұлы Жібек жолын бүкіләлемдік мәдени мұра ескерткіші деп тануға өтінім беру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақпарат

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.