Қалаға арналған арнайы жаңа көлік түрі

Францияның "Renault" көлік компаниясы британдық танымал дизайнер Росса Лавгрувпен бірлесе отырып, “Twin’Z” атты жаңа жарқын көлік концепциясын жасап шығарды. Аталған жобада Лавгрув мырза органикалық және биоморфты формаларға деген өзінің кезекті сүйіспеншілігін танытыпты. Және бір қызығы, көлік концепциясын жасауда бұрын-соңды мұндай стиль қолданылып көрмеген.

Көлік электроэнергиямен жүріп тұрады. Көліктің артқы бөлігіндегі электрогенератор 69 аттың күшімен қозғалып тұруына мұрша береді. Төрт бірдей 96 вольтты литий батарея жасанды түрде жабдықталған. 982 келілік жеңіл салмақ сағатына 130 километр/ сағатпен жүруіне мүмкіндік сыйлайды.


Бәрінен бұрын, басты назар көліктің визуальды сәніне арналған. Жарқын бөліктер мен ендірме, үстемелер жанарды еріксіз жарқылға бөлейтіндей.

сурет:novostimira.com.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.