Елорда журналистері пікірталас сайысына қатысты!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 25 маусым күні ҚазАТУда «ҚР зейнетақы жүйесін модернизациялау» атты  пікірталас сайысы ұйымдастырылды.

Дебатқа республикалық ақпарат құралдарының журналистері, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жас ғалымдары қатысты. Олардың қатарында «Атамекен» және «Ардагер журналист», «Алмас қылыш», «Қазақстан темір жолшысы» газетінің «Найзағай» және «Аманат» жас ғалымдар  командалары болды.      

Сарапшылар құрамында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің өкілі,  мемлекеттік бақылау және әлеуметтік қорғау Комитеті төрағасының орынбасары  Гүлнәр Тоқсейітова, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы директорының бірінші  орынбасары    Сәуле Дүйсенова, «Бас редакторлар клубы» ҚБ-нің Президенті Кенжеболат  Жолдыбай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті төрағасының орынбасары Жайнагүл Құсайынова, «Әдебиет» бірлестігінің  Бас редакторы, бас редакторлар клубының мүшесі Жұмагүл Саухат және Карл Поппер атындағы ағылшын дебаты лигасының жаттықтырушысы   Сара Қытайбекова болды.

Ойын қорытынды бойынша бірінші орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жас ғалымдарының  «Найзағай» командасы иеленді.

 Екінші орынды журналистердің «Алмас қылыш» құрама командасы иеленді.   

«Үздік спикер» номинациясын журналистер командасының өкілі Мадина Дүйсекова алды.

Анықтама телефондары: 39-57-07, 27-37-10

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасөз қызметі.

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.