ҚазАТУ студенті Азия чемпионы

55-жылдық тарихы бар Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымы Иорданияда өтіп жатқан  Азия чемпионатынан тағатсыздана хабар күткен болатын.

Күні кеше, Амман қаласынан ақжолтай хабар келіп жетті. Университетіміздің «Экономика»  факультетінің студенті Данияр Елеусінов 69 килограммға дейін салмақта  Азия чемпионатының алтын жүлдесін қанжығалады.

Лондон олимпиадасына қатысқан 22 жастағы Данияр Елеусінов  Халықаралық санаттағы спорт шебері. Ол Қазақстан чемпионы (2010-2011 жылдары), Азия ойындарының чемпионы (2010 жылы).  

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан  құрама командасы жеті алтын және бір күміс медальді иеленді. Алтыннан алқа таққан  Қазақстандықтар қатарында Теміртас Жүсіпов (49 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) және Иван Дычко (91 кг).

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.