Павлодарлық колледж түлектері жұмыссыз емес

Павлодарда жаз мезгілінде колледж түлектерінің 97 пайызы жұмысқа орналасты, деп хабарлайды BNews.kz. Павлодар облыстық білім басқармасының басшысы Б. Бексейітова ханымның айтуынша, «2013 жылы колледж түлектерінің саны 6345 адамды құраған, олардың 4713-і мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған. Биылғы жылы колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 97 пайызды құрады. Олардың 20%-ы көлік, 15%- ы қызмет көрсету, 9,5%-ы білім саласы, 9%-ы ауыл шаруашылығы, 8,5%-ы энергетика, 8%-ы экономика, 7,7%-ы байланыс, 7,5%-денсаулық сақтау, 7%-ы металлургия және машина жасау, 4,5%-ы құрылыс, 3,3%-ы мәдениет саласында жұмыс істейді». 

Ресми деректер бойынша, Павлодар облысында 50 колледж жұмыс істейді, оларда 28,1 мың студент білім алуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.