Қазандағы күлкі жәрмеңкесі

Шараны облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы»  РЖҚБ мен «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қоры ұйымдастырды.

Ойынның алғашқы күнінде «Өнерпаз», «Барбарис», «Жангелдин мектеп құрамасы», «Жас нью», «Кенбай жастар құрамасы», «Ракуша-блог», «Тема», «Қазақ қыздары», «Шалқар құрамасы», «Тәуелсіз ұландар» командарынан құралған республикалық Каспий аймақтық және Атырау мектеп лигалары сәлемдесу және әзіл-шыны аралас жаңалықтарын арнады. Ал келесі күні «АИГИ жастары», «Керемет», «Болашақ жастары», «Прада», «Кіші жүз ұлдары», «Эксклюзив», «Абзал жандар», «Қызылқоға құрамасы», «Индер қүрамасы» командалары да алдымен сәлемдесіп алып, қайым айтыста бақтарын сынады. 

Қызу әрі тартысты өткен әзілқойлар мен тапқырлар сайысының қорытындысы бойынша Атырау Жоғары лигасындағы Атырау медициналық колледжінің «Абзал жандар» командасы - 3 - орын, Атырау мұнай және газ институтының «Прада» командасы - 2 - орын, Қызылқоға құрамасы 1 - орынға ие болып, жеңімпаз атанды. 

Екі күнге созылған, көрермендерін әзілге бөлеген сайыста «Атырау КВН» филиалының директоры,  «Жас қоғам» ЖБД қорының басқарма төрағасы Асхат ҚАЛАУОВ жалпы ұпай саны қорытындысы бойынша барлық командаларды марапаттады. 

Арай НҰҒЫМАНОВА

Дереккөз: Мұнайлы Астана

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.