ЕҰУ-де «Шетел тілдерді оқыту процессінде ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

Семинарда шетел тілдерін оқыту барысында ақпараттық және коммуникативтік технологияларды (ICT) қолдану мәселелері талқыланып, олардың осал және тиімді жақтары қарастырылды, ExeLearning/ Hot Potatoes, Moodle, E-оқыту тәріздес бағдарламалардың шетел тілдерді оқыту барысында қолданылуы, сонымен қатар интерактивттік жаттығұларды даярлау мәселелері қозғалды.

seminar_enu

Семинар екі бөлімнен, яғни теория және тәжірибе бөлімдерінен тұрды. Петерс және Тевс неміс профессорлары шетел тілдерді қашықтан оқытудын теориялық негіздемесін беріп, компьютер технологиялары және интернет көмегімен оқытудын түрлі формаларын ұйымдастыруға болатынын мәлімдеді. Семинарға қатысушыларға Грейфсвальд университетінің Hot Potatoes және Moodle арқылы шетел тілдерінен интерактивттік жаттығұларды қамтамасыз ету тәжірибесімен танысуға, аталмыш университеттің сервері арқылы өздерінің жаттығұларын құруға оларды компьютер шеберханасында тәжірибеден өткізуге өте жақсы мүмкіндік берілді. Бұл бағдарлама оқытушыларға сөйлеудің түрлі әрекеттеріне арналған жаттығұларды жасау барысында үлкен техникалық мүмкіндік береді және студенттер оларды онлайн режимінде орындай алады.

seminar_enu_1

Семинар соңында дөңгелек үстел басында Амстердам Университетінің докторы Ласло Мараш сөз алып, өзінің индоевропалық тілдерде сөйлеушілерге агглютинативті тілдерді оқыту тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, шетел тілдері кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Тажибаева Сауле Жаксылыкбаевна шетелдік қонақтарды Қазақстанның білім беру жүйесімен таңыстырып, оқыту үрдісіндегі компьютерлік технологияларды қолдану және шетел тілдерінен электрондық оқулықтарды жасау тәжірибесімен таныстырды.

Семинар соңы қатысушыларға сертификат тапсырумен аяқталды. 

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.