Головкиннің промоутері WBC уақытша чемпионымен жұдырықтасудың мәнсіз екенін айтты

Орта салмақта (38-1-1, 34 КО) әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкиннің мүддесін қорғайтын промоутері Том Леффлер BoxingScene берген сұхбатында қазақстандық боксшы үшін ең тиімді нұсқаны ұсынды, - деп хабарлайды VRinge.com.

Қазір Головкин ешқандай келісімшартқа отырған жоқ, өйткені HBO телеарнасы осы жылдың соңында бокстан кетеді. DAZN стримингтік сервисі мен ESPN телеарнасы қазақстандық боксшыға қызығушылық танытып, оған бірге қызмет істеуге ұсыныс жасайтыны және олардың бәсекелесі Showtime-да ұсыныс білдіруі әбден мүмкін. – Чарлимен жекпе-жекке шығудың дым мағынасы жоқ. Жекпе-жек болмайды, – деді Том Леффлер.

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.