Алматыдағы жастардың лофт орталығы табысты жұмыс істеп тұр

Алматыдағы бұрынғы трамвай депосының орнында ашылған жастардың лофт-орталығы табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінде ол мегаполис жастары бас қосатын үлкен шаңыраққа айналып отыр.  Мамандардың айтуынша, жастарды әлеуметтік ортаға бейімдеу ісінде, ақыл-кеңес және тәжірибелік бағыт-бағдар беретін орталықтың маңызы ерекше. Толығырақ тілші материалында.  Ең үлкен лофт-орталық DEPO Evolution Park-тің аумағында орналасқан.

 

Алматы-жастар қаласы екені бұрыннан белгілі. Тек студенттерді айтар болсақ, шаһардағы 38 жоғары оқу орнында шамамен 140 мыңға жуық жас оқиды. Лофт-орталық жұмысына басшылық ету Жастар ресурстық орталығына жүктелген.    Құндызай Басыбек, Жастар ресурстық орталығының қызметкері: - Бірінші қабат өздеріңіз көріп отырғандай коворкинг центр. Ашық алаң деп аталады. Бұл жерде көптеген Алматы қаласының студенттері, оқушылары жастарының барлығы өз қалаған іс-шараларын келіп өткізуге болады. Қаладағы 30-ға жуық жастар ұйымы осында келіп, өздерінің іс-шараларын өткізіп тұрады. Мысалы, мұнда Жас суретшілер орталығы жұмыс істейді. Арнайы тіл үйрететін курстар бар. Ал, әр сенбі сайын Ерлік мектебі өтеді. Еріктілер лигасы да осында. Бүгін бұл ұйымның қатары бірінші курс студенттерімен толықты.  Мақпал Қыстаубаева, ерікті: - Бұл ұйымның басты мақсаты қоршаған ортаға жақсылық жасау. Адам жан-жағына жақсылық жасаған сайын ол өзі де рухани өсе береді ғой. Осы бәріміз жинақталып, бір күш болып, жан-жағымызға көмектесеміз.  Мұндай лофт-орталықтар  Алатау және Наурызбай аудандарында бар.  Мысалы, Наурызбай ауданы  Жастар орталығының жұмысын ұйымдастыру «Жастар үні» бірлестігіне тапсырған. Бұл жерде психологиялық, заңгерлік көмек көрсетіледі. Киномандар, Мейірім клубы секілді әртүрлі бағыттағы клубтар бар. Өз ісінде жетістікке жеткен аға буын өкілдері келіп өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп тұрады.   

Дәурен Бабамұрат, «Жастар үні» бірлестігінің төрағасы: - Алматы қаласы бүкіл республикадағы, қалаберді Орталық Азиядағы жастардың жиналатын ортасы және ордасы. Сондықтан мына аймақтардан келетін жастарды ұйымдастыру, аймақтан келетін жастарға қаланың игіліктерін көрсету, қаладағы мүмкіндіктерді ашып беру. Осының барлығы мына Наурызбай ауданының Жастар орталығының мақсаттарының бірі. Алдағы уақытта DEPO Evolution Park-тің аумағы әлі де игеріледі. Қалған екі гектар жерде көрме повильондары ашылып, амфитеатр, футбол алаңдары секілді жастардың жақсы тәлім-тәрбие алуына септігін тигізетін пайдалы жобалар іске асады. 

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.