Нұрсұлтан Назарбаев жас ғалымдарға нағыз шеберлік сағатын өткізді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалталы бизнесмендерді IT саласын инвестициялауға шақырды. Бүгін Елбасы жас ғалымдардың технопаркі Астана hub-тың жұмысын ресми түрде бастап берді. Енді осы орталықта дарынды ұл-қыздар цифрлық технологияны дамытып, IT саласында түрлі жаңалықтар ашуы тиіс.

Бұл «Экспо» кезінде халықаралық павильон болған нысан. Көрмеден кейін бос қалған соң, IT стартаперлерге берілген еді. Сол үшін осы уақытқа дейін іші қайта жөнделіп, жаңартылған ғимарат енді Astana hub деп аталады. Оның жұмысын бүгін ресми түрде бастап берген президент жас ғалымдарға көштің соңында қалмай, IT саласын дамытуға тапсырма берді.  Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - 30 өркендеп өскен елдің қатарында болуы үшін сендердің жақсылап жұмыс істеулерің керек. Тек қана еңбекпенен жетеміз біз ондай мақсатқа. Тек қана біліммен жетеміз. Сондықтан білім мен ғылым саласына біз жылдан-жылға көңіл бөлеміз, еліміз жылдан жылға қаражатын аямайтын болады. Табысты болыңдар. Елбасы ашып берген орталықта қазір жүзге жуық жас ғалым бар. Енді олар осында цифрлық технологияны дамытып, түрлі идеяларды жүзеге асыруы тиіс. Қазірдің өзінде IT стартаперлердің ірі жобалары жетерлік. Мәселен, мына жігіт қашықтықтан онлайн оқытатын порталды іске қосқан.

 

Онда кез-келген адам екі ай ішінде дизайнер секілді мамандықты оқып, тиісті сертификатқа ие бола алады. Алан Жазит, жас ғалым: -Бізде қазір төрт мамандық бар. Олардың барлығы интернетте үлкен сұранысқа ие. Мұның барлығы онлайн. Сіз үйде отырып, оқисыз, тәжірбиеден өтесіз және кейін жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Ал мұндай дарынды жастарды қолдау үшін Елбасы инвестиция қажет дейді. Сондықтан қалталы бизнесмендерді IT стартаперлердің жобасына ақша құюға шақырды. -Яғни, президенттің айтуынша, алдағы төрт жылда жас ғалымдардың жобасына 70 миллиард теңгеге жуық қаржы тартылуы тиіс. Сондай-ақ, дарынды жастардың білімін жетілдіру үшін «Астана hub» технопаркі жанынан IT университеті құрылмақшы. Онда білікті мамандар алдағы жылдың қыркүйегінен бастап, ұл-қыздарға цифрлы технологияны дамытудың қыр-сырын үйретпек.

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.