Ақтөбеде білім грантын даулаған студент медициналық университетті сотқа берді

Рүстем Оңғарбаев лекцияда отырудың орнына, қазір үйдегі шаруаны атқарып жүр. Осы аптадан бастап сабаққа баруды қойған. Себебі, медициналық университет басшылығы дәріске келуге тыйым салыпты. Өйткені үш айдан бері оны оқуға қабылдау туралы ректордың бұйрығы шықпаған. Сондықтан студенттер санатында жоқ. Қолында тегін оқуға мүмкіндік беретін білім министрлігінің сертификаты бар болғанымен, оны университетегілер жарамсыз деп отыр. Рүстем Оңғарбаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны: -Мені лекцияға кіргізген жоқ. Оңғарбаев Рүстем сабаққа кіргізбеуіңізді сұрады деп кураторым жазып жіберді. Менің арманым дәрігер болу еді.

Осы медуниверситетте Ақтөбе қаласында оқығым келеді. Рүстем былтыр университеттің ақылы бөлімінде оқиған. Биыл тағы кешенді тест тапсыруды жөн көреді. Содан 122 балл жинап, грантқа ие болады. Бірақ оқу орнының басшылары түлекке Қазақстан азаматы бола тұра оралман ретінде жеңілдік жасалғанын айтады. Бірақ қателіктің кімнен кеткенін өздері білмейді. Грантты жарамсыз деп тану жөніндегі білім министрлігінің бұйрығы да жоқ. Талғар Әбілов, М. Оспанов атындағы медициналық университеттің проректоры: -Білім министрінің бұйрығы жоқ өкінішке орай. Біз хат  жаздық Ол оралман болмаса? Мемлекетті алдауға болмайтын шығар деп ойлаймын. -Рүстемнің өзге елде туылғаны рас. Бірақ оралман ретінде жеңілдік беру туралы ешқайда өтініш жазбаған. Білім министрлігінің неліктен грантты олай бөлгенін білмей дал. Сондықтан екі ортада сандалтып қойған министрлік пен сабаққа келуге тыйым салған университет үстінен арыз жазған Рүстем, әділдігін сот айтар деп үміттенеді.

ktk.kz 

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.