ҚР Ұлттық банкі «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмді ұсынды

ҚР Ұлттық банкі Қазақстан ұлттық валютасы - Теңгенің 25 жылдығын мерекелеуге орай «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмді ұсынды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады. «Қазақстан ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Сіздердің назарларыңызға «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмнің анонсын ұсынып отырмыз. 

25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы барынша айқын болды, жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер кеңінен енгізілуде, жаңа бағдарлар мен мақсаттар алға қойылуда, олардың көмегімен Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай табысты дамуын жалғастырады.

Дереккөз 24.kz

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.