Теңге әлемде қолдан басып шығарылуы қиын валюталар қатарына жатады

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни  1993 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы жарлығымен ұлттық валюта қолданысқа енді. Ширек ғасыр уақыт аралығында  валютамыздың түр-түсі бірнеше рет өзгертіліп жаңартылды. Қорғаныс белгілері де жетілдірілді. Ал коллекциялық монеталар халықаралық байқауларда үздік деп танылып, бірінші орындарды иеленіп келеді.  ҚР Ұлттық банкіның мұражайында 1993 жылы басылған алғашқы банктноттардың қағаз үлгілері сақталған.  Бастапқыда  банкноттарда қазақ халқының белгілі тұлғалары бейнеленді. Ал, еліміздің банкнот фабрикасы 1995 жылы ашылды. Бұған дейін елдегі ақша номиналдары шетел фабрикаларында басылып келді. Сол уақытта отандық мамандар әлемдегі сапасы жоғары  құрылғыларды меңгеріп, орната бастады. Андрей Шевченко, ҚР ҰБ  банкнот фабрикасы директорының орынбасары: - Сол кездегі жаңа құрылғыларды сатып алдық.

 

Уақыт оза  ақша жасау технологиясы да өзгерді. Банкнотаға қатысты талаптар күшейтілді. Құрал жабдықтарды қосымша сатып алып, қолданыстағы жабдықтарды жаңалап отырдық. 2006 жылдан бері теңгенің дизайні бірнеше рет жаңартылды. Мамандардың айтуынша,  барлығы ақшаның қорғаныс белгілері мен дизайннің ерекшелігіне байланысты.Теңгені заман талабына сай етіп, теңдессіз үлгісін жасау дизайнерлер үшін негізгі талап. Гүлназ Ахметова,  ҚР  ҰБ  басқармасының бас сарапшысы: - Ақшаның әрбір жаңа сериясы шығарылған сайын, оның қорғаныс белгілері де өзгереді. Осы саладағы соңғы жаңалықтар енгізіледі.  Яғни,теңгенің портреттік сериясында қорғаныс элементтері аз қолданылған болса,  соңғы «Қазақ елі» атты сериясында баспа ісінің соңғы инновациялық әдістері қолданылған. Ол SPARK деп аталады. Бұл жаңа  қорғаныс белгісі. Түсі құбылатын жұқа жіп. Біз бір орында тұрақтап қалмай, үнемі алға ұмтылып келеміз.  Қазақстанның ақша сарайы  1998 жылдан бастап, ҚР ҰБ мемлекеттік кәсіпорны  мертебесіне ие болды.

 

Кәсіпорын айналымдағы ақшадан бастап, инвестициялық және коллекциялық монеталарды шығарды. Алмат Басенов,  ҚР ҰБ бас дизайнері: - Біз Қазақстанның барлық ерекшеліктерін қамтуға тырысамыз. Мақсатымыз мемлекетімізді әлемге әр қырынан таныту. Мұнда табиғат та, техникалық жетістіктер, ғарышты игеру тақырыбы да қамтылған. Әрі қарай да жетілдіре береміз. Мұның барлығы әлбетте ақша жасау сарайымен мақұлданып отырады. Республикамыздың ақша  сарайы  теңгенің туған күнінен орай мерейтойлық монета шығарды. Онда теңгенің алғашқы  кезеңі  көрініс тапқан. Бір теңгелік монета мұражайдағы композициялардың ортасына орналастырылған. Осылайша Қазақстанның қаржы жүйесі  қалай қалыптасқанын көруге болады. 

Дереккөз 24.kz

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.