Тұңғыш президент қорының стипендиаттары анықталды

Дастан Қазтай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті: -Робот журналистикаға қатысты өзімнің ғылыми жұмысымды қорғаған едім және сол бағытта республика бойынша бірінші орын жүлдегері атандым. 80 талапкер жүлдеге ілікті. Соның бірі болғаныма, бүгін сол марапатқа іліккеніме айырқша қуаныштымын. Және елбасы қорына жастарға осындай мүмкіндік бергеніне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Екі күнге созылатын конференцияда түрлі  шеберлік сабақтары өтеді.  Ғылымға тәй-тәй басқан жас ғалымдар өз жобаларын паш етіп, зияткерлік сайысқа түседі.

Ал, шараның бір күні әлеуметтанушылар мен әлеуеметтік қызметкерлерге  арналмақ. Ол үшін Тұңғыш президент қоры АҚШ-тың, Қырғызстанның және еліміздің жетекші мамандарымен күзгі мектеп ұйымдастырады. Дина Разақова, Тұран университетінің кафедра меңгерушісі: -Ғылыми жаңалықтарды қалай жүргізу керек екені, оларды қалай сапалы, ғылыми жұмыстардың сапасын қалай жақсарту керек , жалпы ғылымға деген болашақтың біздің ғылымға деген жастардың көзқарасын қалай қалыптастыру деген бағыттағы мақсаттарды қарастырамыз.

Дереккөз ktk.kz

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.