Н.Назарбаев білім саласында кадрлық тағайындаулар жасады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жаңа ректоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды; Әлия Қайратқызы Ғалымова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды; Арын Амангелдіұлы Өрсариев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды», - делінген таратылған хабарламада.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.