Backstreet Boys тобының солисін тонап кетті

Атақты Backstreet Boys тобының солисі Брайан Литтреллді Атлантада Stone Mountain Park саябағында демалып жүрген кезінде тонап кетті. 

Life New хабарлағандай, қаскүнемдер оның бөлмесінен 120 мың доллардың қымбат бағалы заттарды ұрлап кеткен, оның ішінде әйелінің құны 110 мың доллар неке жүзігі болған. 

Құқық қорғау қызметкерлері істі тергеуге кірісті. Әншінің бөлмесіне қызмет көрсеткен барлық қызметкерлер күдікті ретінде қаралуда.  

Ақпарат  BNews.kz   сайтынан

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.