«Барыс» магнитогорлық «Металлург» құрамасын» тізе бүктірді

Кеше Астанада Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сериясы аясындағы төртінші ойында «Барыс» магнитогорлық «Металлург» құрамасын 4:1 есебімен жеңді.

Бұл жолғы кездесудің негізгі уақыты ішінде жеңіске жеткен астаналық хоккейшілер «металлургтерді» осымен үшінші рет тізе бүктіріп, ресейлік командадан 3:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін Ресейде «Барыс» бір-ақ рет жеңіліп, кейінгі ойындарда 4:1, 3:2 және 4:1 есебімен басым түсіп, плей-офф сериясындағы алғашқы кездесулерін сәтті бастап отыр.    

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.