1 сәуір – Күлкі күні

Кеше елімізде осыған дейін көтерілген гендерлік саясаттың бір тармағы ретінде, теке тіреске түсіп жүрген әйелдер мен ерлердің тепе-теңдігін сақтау мақсатында жаңа қаулы қабылданғалы жатқаны белгілі болды.

Анығырақ айтсақ, биліктегі біраз бикеш­тер әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзартуды аттай қалағаны түрлі пікір ту­ғызды. Ал ауылда тұратын арулар бұл жас­қа дейін жұмыс табу қиын екендігін айтып қи­налған-ды. Енді осы түйіннің тосын жо­лын жоғарыдағылар басқаша шешуді жөн көріпті.

Жаңа қаулыға сәйкес ертеңнен бастап Қазақстанда ерлер - 55 жастан, әйелдер - 63 жастан зейнетке шығуына мүмкіндік ал­мақшы. Сондықтан ердің жасы елуге то­лып, енді алпысын аңсап отырған жігіт аға­лары Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталықта­рына ба­рып, зей­нетақы алуға құжат тап­сыруына бо­лады.

aikyn.kz

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.