Студенттік театрлар байқауының жеңімпазы анықталды

Семей қаласында өткен Студенттік театрлар байқауында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Шәкәрім жастары» студенттік театры бас жүлдені жеңіп алды.

Университет өнерпаздары драматург Жұмабек Қамбаровтың «Аққу әні» драмасын сахналады. Осы қойылым үшін байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. «Шәкәрім жастары» студенттік театрының жетекшісі Мерей Шаменовтың айтуынша, театр ұжымы осы жетістікпен шектеліп қалмай, студент-жастардың бойындағы қабілет-дарынын ары қарай дамытатын болады.

Айта кетейік, Студенттік театрлар байқауының ұйымдастырушысы - Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты.

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат

www.inform.kz

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.