ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ

Бүгін кеңестік және ресейлік ғалым, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, аудармашы, бұрынғы Кеңес Одағының көптеген республикаларының, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми өмірінде айтарлықтай із қалдырған Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдық мерейтойын бүкіл әлем болып  атап  өтуде.

Республикамыздың көшбасшысы, саяси көзқарастары еуразиялану бағдарламасына бағытталған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1996 жылдың 23 мамырында ғалымның әлемдік ғылымға қосқан үлесін жоғары бағалап, шығарған Жарлығына орай Ақмола университеті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті  болып қайта құрылды. Біздің университет бүгінде  бұкіл жүрегі еуразия деп соққан сол ұлы есімнің атымен аталады.Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш.

Лев Николаевич Гумилев Еуразиялық кеңістіктегі халықтар тарихы бойынша іргелі жұмыстардың авторы,  этностану мен тарихи жағрапия саласының белгілі маманы. Оның ғылыми мұрасы аймақтық ықпалдасу мен жаhандану жағдайындағы  казіргі әлемдегі толеранттық еуроазиялық көзқарастарының ғылыми-тарихи негіздемесі болып табылады. Дәл осы тұста Л.Н. Гумилевтің ғылыми көзқарастары Президент Н.Ә.Назарбаевтың  еуразияшылдық идеяларымен  сәйкес келеді. Еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың бастамалары Қазақстан Президентінен өрбігенін қазір бәрі біледі. Нұрсұлтан Әбішұлы 1994 жылы Мәскеу университеті мінберінен Еуразиялық Одақ идеясын алғашқы болып көтерді. Содан бері бұл жобаның өміршеңдігі мен өзектілігін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Көптеген әлемдік зерделі зерттеушілердің өзі посткеңестік кеңістікте ықпалдастық тудырған негізгі күш - Қазақстан Президенті екенін бүгінде сөзсіз мойындап отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты дұрыс әрі өміршең екендігін  уақыттың өзі дәлелдеп отыр: дәл қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің делегациясы  ұлы ғалымның 100 жылдық мерейтойына арналған Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Халықаралық конгреске қатысуда. Сол  жиында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Алексей Сергеевтің «Гумилев әлемі» сериясымен шыққан Гимилев энциклопедиясының  алғашқы данасын бізге сыйға тартуы зор құрмет әрі абырай.

Құрметті студенттер,  ұзтаздар, ұлы есімнің атын иеленген Еуразия ұлттық университеті  өзінің қалыптасу жылдарында еліміздің өркендеуіне  зор үлес қосты. Жыл өткен сайын өсу, өркендеу үстінде. Биылғы жылы әлемде беделді саналатын рейтинг агенттігінің ұйғарымы бойынша,  əлемдік ең үздік 400 ЖОО арасында университетіміз 369 орынды иеленді. Бұл Қазақстан мен Орта Азияны былай қойғанда, ТМД елдері арасында озық жетістік болып саналады. Оған қол жеткізу үшін университет ұжымы бір кісідей жұмыла еңбек етті. Бұл баға жетпес жетістік сіздердің еңбектеріңіздің жемісі деп білемін.

Қадірлі ұстаздар, студент-жастар мен сала қызметкерлері, Сіздерді  ұлы ғалым – Л.Н. Гумилевтің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Алдымызда жарқын болашақ еуразияшыл жастарымыз өркен жая өсіп келеді. Ендігі жерде университетіміз әлемдегі ең озық оқу орнына айналсын. Солай болуына  тілектеспін, солай боларына сенемін.

Ректор                                              Ерлан СЫДЫҚОВ

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.