Жаңа оқу жылында жұмысқа ерекше ықыласпен кіріспек...

 

Биылғы оқу жылының алғашқы айларының бірі, қазанның 17 жұлдызында жас Жас Отандықтардың кезекті  отырысы болып өтті. Басқосуға Нұр Отан ХДП төрайымының бірінші орынбасары Қалыбаев Асқар Қапалбекұлы мен Алматы аудандық  Жас Отан қанатының атқарушы қызметінің бірінші орынбасары Зекенова Ұлдана Серікқызы қатысты.

Жастар талабын арттырып, отансүйгіштікке баулу мақсатында құрылған бұл ұйым жиынында бірнеше жайттар қарастырылды. Атап айтсақ, Жас Отан жастар қанатының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерінен құралған ұжымының көшбасшысы Пошанов Мереке  «Біз  «Жас Отан» ЖҚ  2011-2012 жылдарында жастарды жан-жақты дамытуды , олардың  рухани - адамгершілік, зияткерлік  және  нақты  әлеуетін, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыруды мақсат етіп, жоспарға сәйкес көптеген жұмыстар жүргіздік»-  деп сөз бастап, 2011-2012 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Және аталмыш партияның 2020- жылға дейінгі жобасын талқылады. Сонымен қатар, жастар ұйымы мүшелерінің құрамына енген өзгерістер жайында сөз болды. Яғни, жаңадан мүше болып кірген жастар белгілі бір міндетті атқаруға тағайындалды. Басқа да мәселелер қарастырылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспарлар құрылды. Жалпы айтқанда, бұл жиынның оңтайлы нәтиже берері анық.

Жаңа оқу жылында жұмысқа ерекше ықыласпен кіріспек...

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.