Бозбала мен бойжеткен танысқанда…

Европада жасалған зерттеулер нәтижесі бойынша, жігіттер мен қыздар танысқан кезде, ең алдымен бір-бірінің тісіне көңіл бөлетін көрінеді. Сұралған адамдардың 58 пайызы тісі жаман қыздармен кездескісі келмейтінін айтқан екен. Бет әлпеті онша әдемі болмаса да, жымиғанда маржандай тістері жарқырап тұратын қыздарды ұнатады екен жігіттер. Ал тістен кейін көзге ілінетіні – қыздың шашы. Сұралған жігіттердің 51 пайызы жаңа танысқан бойжеткеннің шаштарына қарайтынын жасырмапты. Азаматтардың 45 пайызы ғана қыздың киіміне назар аударатынын айтқан. Онда да, ол киімнің қандай брендтен немесе бағасы қанша тұратынына емес, қаншалықты жарасымды екендігіне назар аударады.

Ал жігіттер үшін бұл тіпті маңызды. Қыздардың 73 пайызы бірден жігіттің тісіне қарайды екен. Тісінің түсі жаман, аузынан жағымсыз иіс шығатын жігіттермен қарым-қатынас жасамақ түгілі, сөйлескісі де келмейді.  Оған қоса, қыздар ер адамның білімділігін жоғары бағалайды екен.

Ендеше, бозбала мен бойжеткен, тісің мен шаш күтімін бірінші орынға қою керек екендігін ойланғайсың.

Источник: kalaisyn.kz

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.