• Бәріне үлгеру үшін...

    Нақтылықтың болмауы өмірде кедергі жасайды. Ол көп істің уақытында жасалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта бітпеген жұмыс көбейе береді. Ал ол уайымға және күйзеліске әкеледі. Сондықтан уақытында бәріне үлгерудің денсаулыққа да пайдасы бар. Неден бастау қажет? Бәріне үлгеру үшін ми белсенді жұмыс істеуі керек. • Ол үшін алдымен ұйқыны қандыру керек. Ересек адам қалыпты түрде тәулігіне 7-8 сағат ұйықтауы қажет. • Дұрыс тамақтануды бастаңыз. Нақты тәртіп пен дұрыс тағам ағзаны қажетті ресурспен қамтамасыз етеді. • Спортпен айналысыңыз. Күні бойына қуат сыйлайтын таңғы жаттығудан бастап, берік иммунитетті қамтамасыз ететін машықтандыруға дейін ағзаға пайдасы зор.

  • Жүйке жүйесін тыныштандыру

    Үйде немесе жұмыста жүйке жүйесін жылдам тыныштандыру үшін мамандар көп жағдайда не істеуге кеңес береді? Олар кем дегенде 10 минут ешкім мазаламайтын жерге барып, отырып, көзіңізді жұмып, іштен немесе дыбыстап позитивті пайымдау айтуға немесе 100-ге дейін санауға кеңес береді. Алайда жалғыз қалатын орын болмаса ше? Жуынатын бөлмеге баруға болады. Есікті жауып, суық суға беті-қолыңызды шайып алыңыз. Жай және терең тыныс алыңыз. Ауаны шығарарда барлық негативті шығарып жатырмын деп ойлаңыз.

  • Тұрмысқа пайдалы кеңестер

  • Денсаулыққа қандай тағамдар пайдалы?

    Денсаулық мықты болу үшін пайдалы тағамдармен тамақтану керек. Пайдалы тағамдар кешенді және арнайы деп бөлінеді. Бұл жолы назарларыңызға әр ағзаға өзінше пайдалы болатын тағам түрлерін ұсынамыз.

  • Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда, тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?

    Ақылды болуға 10 кітап оқылса жеткілікті, бірақ, сол 10 кітапты оқу үшін мың кітапты тауысу керек.

  • Қазақстандағы оқулықтардың сапасы жақсартылады

    Бүгінде 12 жылдық білім жүйесін енгізуге дайындық жүріп жатыр. Жаңа білім стандарттары әзірленуде.