Шетелде білім алу

ХХІ ғасырға өткелі бері жоғары білім алу саласындағы ахуал біршама өзгеріске ұшырады. Десек те әлі күнге дейін Ұлыбританияда білім алу мәртебе саналады. Бірақ өзге елдер, атап айтқанда Германия ұсынатын білім беру қызметтеріне назар аударатын талапкерлер саны артып келеді. Неліктен?

Бірінші себеп: Ұлыбритания үкіметі шетелдік талапкерлерді қабылдау және студенттік виза беру шарттарын үнемі өзгертіп отырады. Көп жағдайда бұндай өзгерістер шетелдік білімпаздар үшін қолайсыздық тудырумен ерекшеленіп отыр. Британ билігінң осындай шешімі де негізсіз емес, өйткені соңғы уақыттарда өздерінің жас мамандарын жұмысқа орналастыруда қиындықтарға кезігуде. Сол себепті шетелдік түлектердің құқықтарын шектейтіндей шешімдер қабылданып жатыр.

Екінші себеп: Германияда білім алған студенттердің құқықтары көбірек. Ал оқыту деңгейі мен шәкірттердің білімі әлемдік деңгейге толық сәйкес келеді. Сондықтан немістің жоғарғы оқу орындарында оқитын шетелдік студенттер саны жыл санап артуда. 

Германияның білім беру жүйесі несімен ерекше? Елдегі көптеген оқу орындары мемлекеттің меншігінде. Жеке ЖОО-лар аз. Сапасы жоғары білімнің үлесі мемлекеттік оқу орындарында көбірек. Германияның білім беру жүйесінде студенттерге оқыту бағдарламасын еркін таңдау құқығы қарастырылған. Сондай-ақ оқытушылар да зерттеу және сабақ беру саласын таңдай алады. Түлектер оқуды белгілі бір бекітілген мерзімде емес, емтихан тапсыруға дайын болғанда ғана бітіреді. Яғни студент өз біліміне сенімді болғанда ғана және дипломын қорғай алатындай жағдайға жеткенде ғана оқуды аяқтай алады.  Германияда сонымен қатар бір немесе бірнеше университетке қатарына баруға мүмкіндік бар. Шетелдік талапкер неміс жерінде білім алу үшін ағылшын тілін білсе ғана болғаны. 

Бірақ оқу жүйесі еркін, бағдарламалары таңдау арқылы оқытылады деп қуануға болмайды. Германияда студенттерді оқыту жүйесі өте қатал. Бір жағынан осы қаталдықтың арқасында ғана елде сапалы білімге қол жеткізіп отыр. 

 

Фотосуреттер: journeyclub.rueducation-in-es.ucoz.ru

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.