Жүйке жүйесін тыныштандыру

Үйде немесе жұмыста жүйке жүйесін жылдам тыныштандыру үшін мамандар көп жағдайда не істеуге кеңес береді? Олар кем дегенде 10 минут ешкім мазаламайтын жерге барып, отырып, көзіңізді жұмып, іштен немесе дыбыстап позитивті пайымдау айтуға немесе 100-ге дейін санауға кеңес береді. Алайда жалғыз қалатын орын болмаса ше? Жуынатын бөлмеге баруға болады. Есікті жауып, суық суға беті-қолыңызды шайып алыңыз. Жай және терең тыныс алыңыз. Ауаны шығарарда барлық негативті шығарып жатырмын деп ойлаңыз.   Қарама-қарсы душ қабылдаған одан да жақсы көмектеседі.

 

Мұндай мүмкіндік жұмыста жоқ болғанымен, үйде болсаңыз, душқа түсуге болады. Душқа түскіңіз келмесе, беті-қолыңызды шайып алып, далаға шығып жүріңіз. Далаға шыға сала темекіге жүгінудің қажеті жоқ, себебі ол уақытша тыныштандырғанымен, ол әдетке айналып, жүйке жүйесі одан әрі бұзыла береді. Таза ауада қозғалу серотониннің және басқа да «бақыт гормондары» деп аталатын заттардың өңделуіне ықпал жасап, ашуыңыз кетіп, жүйке жүйесінің жағдайы қалыпқа келеді. Аз уақытқа далаға шығып, жүріп келуге жұмыста та мүмкіндік бар. Тыныштандыратын шайлар Мұндай шайлар жайлы көпшілік біледі, бірақ адамдар жылдам әсер беретін дәрілердің көмегіне жүгінеді. Шайлар бірден көмектеспегенмен, олар «жұмсақ» әсер етіп, босаңсуға көмектесіп, ашу мен уайымды басуға және жүрек ырғағы мен ұйқыны қалпына келтіреді.

 

Таңертең және кешкісін кофе немесе қара шайдың орнына шөптерден (жалбыз, шайқурай, түймедақ, жаужапырақ, лаванда, киікоты, тау жалбызы және т.б) дайындалған шайлар ішсеңіз, жүйке жүйесін бекітуге көмектеседі. Шөптер шайын қайнатуға болады немесе 15-20 минутқа тұндырып қоюға болады. Шөптерді өздерін жекелей немесе жиынтығын да қолдануға болады. Шөптерден дайындалған шайларға бал немесе тосап қосып ішеді. Шөптер дәріханаларда сатылады және бағасы қолжетімді болып келеді. Ванна қабылдау Тыныштандыратын ванна қабылдауда оған тұз, түрлі эфир майларын және шөптер қосуға болады. Сүт (3 стақан) қосылған ванна да жақсы тыныштандырады деген пікірлер көп. Ваннаға қарапайым тұз (1 кг) қосуға да болады. Ол кезде ваннада 10-12 минут жатып, содан соң душпен шайынып алыңыз. Дұрыс тамақтану Жүйке жүйесі жақсы көретін тағамдар бар. Мына өнімдердің тамақтану мәзіріңізде болғаны дұрыс: сүзбе, жаңғақтар, құс еті, жылқының майсыз еті, қызыл немесе қара уылдырық, албырт, ащы емес ірімшік, табиғи ащы шоколад, бұршақты өнімдер, жұмыртқа, саңырауқұлақ, қарақұмық. Сонымен қатар, өрік, қараөрік, теңіз орамжапырағы, қызылша мен сәбіз шырыны, бал және көк шайдың да жүйке жүйесіне пайдасы зор. Егер осы өнімдерді уақытылы жеп тұрсаңыз, олар серотонин гормонын бөліп отырады және жүйке жүйесі түзеледі. Нәтижесінде, тұрақты жақсаруды байқайсыз.

  • Ілмектер:

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.