2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы

2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының

тұжырымдамасы

 

1 тарау. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының даму көрінісі мен қазіргі жағдайын талдау

 

Жастар – келешектің негізі ретінде жеке білімділігімен, жасампаз еңбегімен,  күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Олар ХХІ ғасырда дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі абыройы биік мемлекет - жаңа Қазақстанның қалыптасуын белсенді түрде жалғастырушы буын болуы тиіс. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осы.

Тұжырымдама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары мен Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне сай келеді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында берген тапсырмаларына, сондай-ақ Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес жасалған.

 

1.1.Қазіргі жағдайды талдау

Мемлекеттік жастар саясаты Тәуелсіздіктің 20 жылында алғашқы қалыптасу кезеңінен өтті. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 28 тамыздағы №73 өкімімен бекітілген Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында қалыптасқан.

2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жастарды жеке әлеуметтік-демографиялық топ етіп бөліп шығаруға, оған белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер беруге мүмкіндік жасады.

Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «2003-2004 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасы», «2005-2007 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасы», сонымен қатар «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасы» атты салалық бағдарламалары іске асырылды.

Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған құжаттары өз міндеттерін іске асырды және жастар саясатының келесі кезеңін бастау үшін негіз дайындады.

Халық санағының қорытындысына сәйкес, соңғы 10 жылда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 623 377 адамға өскен (1999 жылы – 3,9 млн. адам, 2012 жылы – 4,5 млн. адам). Соның ішінде қалалық жастар санының өскендігі байқалады (1999 жылы – 2,1 млн. адам, 2012 жылы – 2,4 млн. адам). Аталған уақыт аралығында оң сальдо (кіріс пен шығыс арасындағы айырма) ауылдық жастар ішінде де байқалады (1999 жылы – 1,6 млн. адам, 2012 жылы – 1,9 млн. адам).

Гендерлік тұрғыдан алғанда республикада жас азаматтардың арасында ер адамдардың саны 2012 жылы көбірек екендігі байқалады: 2 245 249 (әйелдер 2 238 036), (1999 жылы – 1 947 036: 1 925 530).

Қазіргі кезде жастар үшін негізгі «әлеуметтік лифті» - сапалы білім болып табылады. Жалпы, жастардың білім деңгейі мынандай: 718 мыңы -  жоғары білімді (15,9%), 306 мыңы – аяқталмаған жоғары (6,8%), 728 мыңы – арнаулы орта (16,2%) білімді.

Соңғы 10 жылда жоғары білімді жастардың саны орташа есеппен 4 есе, арнаулы орта білімді жастар 2 есе, ауылдық жоғары білімді жастар – 6 есе, қалалық жастар – 4 есеге өсті.

Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және т.б. ірі жобалар іске асырылуда.

Нәтижесінде, жастардың жұмыссыздық деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайған әрі ТМД мен Еуропа елдеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда едәуір төмендеген. 2011 жылы жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Оның ішінде қаладағы жұмыссыз жастар ауылдағы жұмыссыз жастардан (3,8%) 1,5 есе (5,0%) көп.

Соңғы 11 жылда жастар ұйымдары 7 есеге өскен (2000 жылы – 150 ұйым, 2011 жылы – 1043 ұйым), ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жылда 10 есеге ұлғайған. Соңғы сайлау науқандарында жастардың жоғары белсенділіктері байқалды.

Осылайша, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында жастардың өз мүдделері, бейімділіктері, тәни мүмкіншіліктеріне сай еркін әлеуметтік даму құқықтарын жүзеге асыруына, шығармашылық бастамашылықтарына барлық жағдай жасалған.

Жастардың білім саласында тегін орта және жоғары білім алуларына, шет мемлекеттерде оқып білім алуларына, денсаулық сақтау саласында тең дәрежеде тегін медициналық көмек алуларына мүмкіндіктері бар.

Қазақстан жастары халықаралық спорттық және мәдени ареналарда жоғары көрсеткіштер көрсетуде (Алматы, Астана қалаларындағы Азиада, Лондон қаласындағы Олимпиадалық ойындар және т.б.).

«100 мектеп, 100 аурухана», «Мәдени мұра», «Болашақ»» «Балапан», «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары іске асуда.

Жастар саясатының инфрақұрылымы құрылған (ҚР Президенті мен барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы кеңестер, Жастар істері жөніндегі комитет, мемлекеттік бағдарламалар, жастардың үкіметтік емес ұйымдары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар және т.б.). Жастардың мемлекеттік қызметке келуіне және қызметтік өсуіне, жеке істерін ашып, оны жүзеге асыруларына мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар ел жастарының бүгінгі таңдағы әлеуметтік хал-ахуалын зерттеу бірқатар басты мәселелердің барын аңғартты.

Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың бүгінгі күннің қауіп-қатерлері мен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерге айтарлықтай дайын еместігін көрсетті.

Жастар білім алу үшін көп алаңдамайды, өйткені жастарда бар болғаны 4,4%-нда ғана бұл мәселе шешімін таппаған. Медициналық қызмет көрсету мәселелері 25,3% жастарда ішінара шешілген, сұралғандардың 6%-да  шешілмеген.

Респонденттердің 20% тұрғын үй мен жұмысқа тұру, әлеуметтік қызмет мәселелері бойынша жауап беруге қиналды. Демек, бұл мәселелер көкейкесті, себебі әрбір аталған сала бойынша мәселелер ішінара 15% респонденттерде шешімін тапқан.

Сонымен қатар респонденттердің 20,6% мемлекеттің жас кәсіпкерлерге көмек көрсетпейтіндігін атап көрсетті.

Жалпы алғанда, өздерінің материалдық жағдайын төмен деп есептейтіндер – 18,5%, жауап беруге қиналатындар – 18,7%, жоғары деп санайтындар – 8,3%.

Респонденттердің 16% жастар арасында мәдениеттілік деңгейінің  құлдырап кеткенін атап өтуде.

Өзекті мәселелер: жастар арасында есірткінің таралуы – 15%, діни экстремизм мен терроризм қаупі бойынша – 12%.

Сондай-ақ, соңғы 10 жылдағы жастар санының өсуіне қарамастан, болжамдық көрсеткіштер: 2015 жылы олардың саны 4,52 миллионды, 2020 жылы 4,13 млн. адамды  құрайтындығын айтуда.

Ал, жастар санының азаюы еңбек қоры тапшылығының пайда болуына, түрлі экономикалық салада білікті кадрлар санының азаюына әкеліп соқтырады.

Көптеген жастар үшін негізгі мәселе тұрғын үйге қолжетімділік болып қала береді. Жұмысқа орналасуда бәріне бірдей тең қол жетімділіктің болмауы  жастар арасындағы жұмыссыздыққа әкелуде, бұл олардың материалдық жағдайына теріс әсерін тигізуде.

Ауылды жерлерде спорттық және мәдени инфрақұрылымдар дұрыс дамымаған.

Жастардың сана-сезімінде «Көкелерге сену» атты дәстүрлі идеологема қалыптасқан.

 

1.2. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері

Тұжырымдаманың мақсаты бәсекеге қабілетті және елжанды жастарды тәрбиелеуге бағытталған  мемлекеттік саясаттың әрі қарайғы қадамдарын айқындау болып табылады.

 

 

Тұжырымдаманың мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделеді:

  1. Адамның тууы мен дамуына арналған тұтас инфрақұрылым  құру;
  2. Жас адам бойында адамгершілік құндылықтар мен патриотизмді тәрбиелеуде үздіксіз жүйе қалыптастыру;
  3. Мемлекеттік жастар саясаты институттарын нығайту.

 

Осы Тұжырымдама жастар саясатының жаңа үлгісін құруға әрі оны дамытуға бағытталған заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болады.

 

1.3. Тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері және одан күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік жастар саясатының бұдан әрі дамуы төмендегідей кезеңдерде жүзеге асырылады:

1)     2013 жылдан 2016 жылға дейінгі кезең;

2)     2017 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.

 

Бірінші кезең.

Бірінші міндетті шешу нәтижелері:

  • жастар еңбек биржасының жаппай құрылуы;
  • «Еңбек биржасы» ұлттық веб-порталының іске қосылуы;
  • enbek.gov.kz сайтында келешекте жұмысқа қабылдау үшін, ТиПО оқу орындарын бітірушілердің, соның ішінде сертификат алғандарының деректер базасының құрылуы;
  • «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастардың кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға!» және т.б. жастар бастамашылықтары жалғастырылады;
  • еңбек құндылығын жастар сана-сезіміне сіңіру үшін «Еңбекқор» жобасы жүзеге асырыла бастайды;
  • бос орындар деректер базасына бірыңғай ақпараттық қолжетімділік жасалады;
  • жас азаматтардың жұмыс іздеу уақытының орташа ұзақтығы 6 айдан 4 айға дейін қысқарады;
  • уәкілетті органдардың жұмыспен қамту орындарына жұмыс іздеп келген жастарды жұмысқа тұрғызудағы үлес салмағы 10%-дан астам көрсеткішке ұлғаяды;
  • жастардың мекен-жайы, оқу орны, жұмыс орны бойынша атаулы (мақсатты қолдау) инфрақұрылым құрылады. Барлық елді мекендерде жастар бастамашылығын қолдайтын қор орталықтары жұмыс атқарады және онда ақпараттық қызмет көрсетіледі. Орта және ірі бизнес кәсіпорындарында келешек кадрлық әлеуетті дамыту мен қолдау үшін ұзақ мерзімді бағдарламалар, соның ішінде  тұрғын үй, білім беру және сауықтыру жобалары жүзеге асырылады;
  • бизнесті әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан ынталандыруға, еңбек ұжымдарында әлеуметтік көңіл-күйді нығайтуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыратын пакеттер енгізіледі;
  • «Іске сәт!» атты жас кәсіпкерлерді қолдайтын арнаулы жоба іске асырылады;
  • Жастар арасында ғылым мәртебесін көтеру мен оларды инновациялық жобаларға тартуға бағытталған «Қарқын KZ» атты жоба басталады;
  • Жастарға «Жас отбасы» санатында, сондай-ақ «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй алуға (2014 жылдан 2020 жылға дейін  жыл сайын 3000 пәтерден) жағдай жасалады;
  • жастардың тұрғын үй алуына байланысты жеңілдетілген ипотекалық несиелеу енгізіледі.

 

Екінші міндетті шешу нәтижелері:

  • табысты жас қазақстандықтың тұлғасын насихаттайтын «Отандастар» жобасын іске асыру басталады;
  • жастардың азаматтық деңгейі көтеріледі;
  • «Ертеңің үшін аянба!» атты қоғамның барлық саласын волонтерлік тұрғыда қамтитын жаңа азаматтық институттар құрылады;
  • еліміздің түкпір-түкпірінде волонтерлік институттар дамиды;
  • жастардың әлеуметтік көтерілуін айқындау мен оны кеңейту қолға алынады;
  • азаматтық білім берудің жаңа әдістері енгізіліп, азаматтық белсенділіктер құпталады («Қоғамға қызмет жасау» курстары және т.б. арқылы);
  • үздіксіз тәрбиелеудің бірыңғай жүйесі енгізіледі;
  • мектептерде дінтану негіздері сабақтары, дене шынықтырудың орнына сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылдану енгізілді;
  • темекі шегудің таралуы 2015 жылға қарай 18,2%-ға  дейін төмендейді;
  • алкогольді ішімдіктерді пайдалану 2015 жылы 14%-ға төмендейді;
  • балалар мен жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру бағдарламалары кеңінен іске асырылады;
  • әрбір жоғарғы оқу орындары мен ірі кәсіпорындарда ана мен баланы тәрбиелеу орталықтары ашылады;
  • барлық жоғарғы оқу орындары жанынан жас отбасыларына арналған кеңес беру орталықтары ашылды;
  • жастардың денсаулық орталықтары мен жас ана мектептері, 2014 жылға қарай отбасын жоспарлау желілері дамиды;
  • жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін «Алға, Қазақстан!» атты жобаны іске асыру басталады;
  • мектептен тыс қосымша мекемелердің (мектеп сарайлары, шеберхана орталықтары, үйірме, секциялар) материалдық-техникалық базасы нығаяды;
  • Әр қалада кем дегенде 50-100 жаңа аула клубтары салынып, жаппай пайдалануға беріледі;
  • жастарға арналған спорттық және қосымша инфрақұрылымдар желісі қалыптастырылып, қолжетімділігі кеңейді;
  • «100 спорт кешені мен 100 жастар сарайы» атты ұлттық жоба, соның ішінде мемлекеттік жеке серіктестік аясында жүзеге аса бастайды;
  • мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі аясында спорттық инфрақұрылымды дамытудың мақсаттық бағдарламасы іске асырылуда. Орта білім беру мекемелерінің спорт залдары жаңартылады;
  • 2015 жылға қарай кемінде күнделікті 30 минут дене шынықтырумен шұғылданатындардың саны 24,9%-ға өседі;
  • студенттердің ұлттық спорт лигасы құрылады;
  • мәдени-спорттық нысандарға бару үшін 50% жеңілдіктер қарастырылады;
  • 90%-ға дейін жастарды қамту үшін тұрақты ақпараттық жұмыстар жүргізіледі;
  • жастар саясатына қатысты ақпараттық-талдау жұмыстары, оның ішінде республикалық жастар газеттері, талдамалық журналдар, телебағдарламалар, толық метражды көркем және деректі фильмдер, телехикаялар, жаңа әндер мен музыкалық клиптер, табысты жас отандас тұлғасын насихаттайтын «e-zhastar» интернет-порталы  ұйымдастырылады;
  • бірыңғай республикалық жастар журналы шығарылуда;
  • жастар саясатының ақпараттық мемлекеттің тапсырысы 20% дейін ұлғаяды;
  • «Үлгілі кітапхана» жобасы жүзеге асырылады;
  • барша мемлекеттік кітапханалар тегіс жастар үшін жылдам интернетпен және ноутбуктармен қамтамасыз етіледі;
  • жас ғалымдарды қолдауға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылады.

 

Үшінші міндетті шешудің нәтижелері:

  • «Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданады; 
  • жастар саясатының бірыңғай көрсеткіштер тізімі қабылданады;
  • жастар саясатын жүзеге асыруды бақылау күшейтіледі, қоғамдық мониторинг жүйесі енгізіледі;
  • ведомствоаралық сабақтастықтың орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін айқындайтын тиімді моделі қалыптастырылды;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қамқорлығымен жастар бастамашылдығын қолдайтын республикалық қоғамдық қор құрылады. Кеңестің сайты іске қосылып, хатшылық құрылады;
  • жергілікті атқарушы органдар жанындағы Жастар саясаты мәселелері бойынша консультативті-кеңесші органдардың тиімділігі артып, жұмысы жүйеленеді;
  • орталық және жергілікті атқарушы органдарда жастар саясаты қызметімен шұғылданатын қызметкерлердің, жастар ұйымы басшыларының біліктілігі арттырылады;
  • жастар саясатын болжау, талдау жүйесі мен мониторингі құрылды;
  • «Жастар» республикалық сараптамалық-талдау құрылымы мен сараптамалық-талдау базасы құрылады;
  • «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы базасында жастар ортасын болжайтын және зерттеу процестерімен айналысатын өңірлік зертханалар торабы құрылады;
  • «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы - қуатты материалдық-техникалық базасы бағдарламаға сай мақсатты қаржыландырылатын, сондай-ақ дербес әкімшілік ғимараты бар құзырлы әдістемелік орталық болып табылады;
  • «Жастар» ҒЗО  базасында Қазақстан жастар конгресі, Студенттер альянсы, Жас ұлан, Ауыл және жұмысшы жастар одағы, Жас депутаттар қауымдастығы сияқты ірі республикалық жастар ұйымдарының кеңселері шоғырландырылады;
  • білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіп, еңбекпен қамту, жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау салаларындағы бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бағалаудың мақсаттық индикаторлары енгізіледі;
  • орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік жастар саясаты саласындағы міндеттерді жүзеге асыруға арналған мақсаттық трансферттер бөлу тәжірибесі енгізіледі;
  • республикалық, жергілікті бюджет және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-нан республикалық жастар ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету жоспары жүзеге асырылады;
  • республикалық жастар ұйымдарын қолдау тәсілдері қайта қаралды. 2013 жылдан бастап 3 жылдық негізде қаржыландыру енгізіледі. Қаржы әрбір ұйымның іс-шараларына қатысты бөлінеді;
  • республикалық жастар ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен ықпалдаса жұмыс істейді және міндетті түрде бөлімшелік желісі болады;
  • орталық мемлекеттік органдар міндетті түрде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру аясында республикалық жастар ұйымдарынан қызметтерді сатып алады;
  • жер-жерлерде жергілікті атқарушы органдар бөлетін жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру көлемі ұлғайтылады;
  • жастарды жұмыспен қамту бойынша бағдарламаларды қаржыландыру ұлғайтылады, бұл ретте «Жасыл ел», «Жастар саясаты», «Дипломмен – ауылға!» жобаларының негізгі мақсаты аталған топты жер-жерлерде кең түрде қамту болып табылады;
  • бизнес-құрылымдар мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға тартылады;
  • еңбек ұжымдарында әлеуметтік көңіл-күйді нығайту бағдарламаларын жүзеге асыратын бизнесті ынталандырудың әлеуметтік-экономикалық шаралар пакеті енгізіледі;
  • мемлекет пен «Атамекен» КҚҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ арасында мемлекеттік жастар саясатын бірлесе жүзеге асыру туралы меморандум жасалады;
  • жастарды тұрғылықты, оқу және жұмыс жері бойынша атаулы (мақсаттық қолдау) инфрақұрылымы жасалады;
  • жастар ұйымдары құрылып, экономиканың әртүрлі секторларының кәсіпорындарында жастар саясатының корпоративтік бағдарламалары қабылданады;
  • ұлттық және дербес компанияларда мамандарды конкурстық жолмен таңдап алу енгізіледі;
  • барлық елді мекендерде жастарға және жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталық қызмет етеді;
  • жастардың серіктес ұйымдарымен жұмыс істеу барысы  қайта қаралады;
  • мемлекеттік жастар саясатының ұлттық іс-шаралар тізімі жасалады;
  • әрбір ірі жастар ұйымының іс-шаралар күнтізбесі қабылданады;
  • жастардың үкіметтік емес ұйымдары мен волонтерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламалары қабылданады.

 

Екінші кезең

Бірінші міндетті шешудің нәтижелері:

 

  • дайындалған кадрлар мен нарық сұранысы арасында қолайлы теңгерімге қол жеткізіледі;
  • мектеп түлектерінің 50% техникалық және жұмысшы мамандықтарын таңдайды;
  • техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарын, ЖОО, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің 80% еңбекпен қамтылатын болады;
  • уәкілетті органдардың еңбекпен қамту орындарына жұмыс іздеп келген жастарды орналастыру үлесі еңбекпен қамтылғандарының жалпы санынан 20%-ға  артады;
  • бірыңғай база мен еңбек биржалары жұмысының нәтижесінде жұмыс орындарының  50%-ы  жастармен толықтырылады;
  • білім беру органдары жанынан мектеп оқушыларының кәсіби бейімін үйлестіретін қызметтер құрылады;
  • «Іске сәт!» атты жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған арнайы жобаны жүзеге асыру жалғастырылады;
  • жастардың ұғымында еңбек құндылығын арттыруға бағытталған «Еңбекқор» жобасын жүзеге асыру жалғасады;
  • жастар үшін ғылым беделін арттыру және оларды инновациялық жобаларға тартуға бағытталған «Қарқын KZ» жобасын жүзеге асыру жалғасады;
  • қолданыстағы бизнес-порталда жастар кәсіпкерлігіне арналған «Жас іскер» тарауы іске қосылады;
  • жастарды еңбекпен қамту және жеңіл несие беру арқылы жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру бойынша шараларды іске асыру жалғастырылады;
  • бизнестің әрбір 2-ші  кәсіпорынын жас адамдар тіркейді;
  • 3000 жас отбасы жалға берілетін баспанамен қамтамасыз етілетін болады;

 

Екінші міндетті іске асыру барысында:

 

  • табысты жас қазақстандықтың  тұлғасын  насихаттайтын «Отандастар» жобасын іске асыру жалғасады;
  • 2020 жылға қарай үш тілді меңгерген халық үлесі 15%-ды  құрайды;
  • жастарды профилактикалық тексерулермен (скринингтік зерттеулермен) қамту көрсеткіші артады;
  • жастардың кемінде 75%-ы әскери қызмет атқаруға дайын болады (аурушаңдық 2 есеге азаяды);
  • жастар арасында ішімдік  және темекі өнімдерін пайдалану 2 есеге азаяды;
  • туберкулез дертіне шалдығу 20%-ға  төмендейді;
  • дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны артады;
  • жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу үшін «Алға, Қазақстан!» жобасын жүзеге асыру жалғасады;
  • жастардың 55%-ы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға белсенді түрде қатыстырылады;
  • ауыл жастарының 75%-ы  интернетте жұмыс істеуді, веб-өнімдер мен жаңа бағдарламалар жасауды үйренеді;
  • қазақстандық жастардың 100%-ы спорт нысандарын, интернет желісін пайдаланудың шектеусіз қолжетімділігіне ие болады.

 

үшінші міндеті жүзеге асыру барысында:

  • мемлекеттік жас қызметкерлердің үлесі мемлекеттік қызметкерлердің  жалпы санының 30%-ын құрайды;
  • өкілетті органдарға өту үшін дауысқа түсетін жастардың үлесі 15%-ға  жетеді;
  • «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының базасында жастар ортасында өтіп жатқан процестерді зерттеу және болжау бойынша аймақтық зерттеу зертханаларының желісі құрылады;
  • әрбір ұйымның іс-шараларына сәйкес жастар ұйымдарын қаржыландыру, соның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ арқылы қаржыландырудың жаңа үлгісі енгізіледі;
  • республикалық жастар ұйымдарының бөлімшелік желісі бар;
  • жастар ұйымдарының қызметіне олардың 29% атсалысатын болады;
  • әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын жастар ұйымдарының үлесі 24%-ды құрайды;
  • жастардың радикалды көңіл-күйлері 3 есеге азаяды;
  • жастармен атаулы жұмыс жүргізу енгізіледі.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда бұл шаралар орталық және жергілікті органдар тарапынан ескерілуі және олардың қызметін бағалау белгісі ретінде қызмет етуі керек.

1.4. Әлемдік іс-тәжірибенің оң тәжірибесіне шолу

         Әлемдік іс-тәжірибе мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырудың 3 негізгі үлгісі бар екендігін көрсетеді:

1. Либеральды модель (АҚШ, Ұлыбритания). Бұл үлгіде жастарды қолдау дербес салаға жатпайды, әрбір мемлекеттік орган жастарға арналған өзіндік бағдарламаларын жасайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жетекші рөлді жеке компаниялар мен тұлғалар қаржыландыратын азаматтық қоғам атқарады.

2. Құрлықтық модель (ГФР, Франция). Мұнда жастарды қолдау жеке салаға бөлінген және жастар саясатын арнайы мемлекеттік орган жүзеге асырады. Мемлекет жастар ұйымдарын және әлеуметтік қызметтерді қаржыландырады, жастарға әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсетеді. Мемлекеттік жастар саясаты саяси партиялардан және саяси көзқарастардан тыс жүзеге асырылады.  

3. Азиялық үлгі  (Сингапур, Малайзия). Мұнда жастармен жұмыс жасау мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Жастар саясатын жеке мемлекеттік орган жүзеге асырады және ол төрт бағытта жүргізіледі: жастармен өз мәселелерін және оларды шешудің жолдарын талқылау; жастарды қоғамға қызмет етуге тарту; көмекке ерекше мұқтаж жастарға қолдау көрсету; жастардың шығармашылық әлеуетін ашу.

Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғаммен дау-шарсыз бірігуіне ықпал ету болып табылады.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың қазақстандық үлгісінде құрлықтық және азиялық үлгілердің тиімді әдістері пайдаланылған.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың қазіргі кездегі қазақстандық үлгісі мынадай:

мемлекет жастарға әлеуметтік кепілдіктер ұсынады;

мемлекет жастар ұйымдарын, әлеуметтік қызметтерді қаржыландырады;

жастардың шығармашылық әлеуетін дамытады;

жастармен бірлесе отырып, жас ұрпақ мәселелері мен оларды шешудің жолдарын талқылайды.

 

2-тарау. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы жолдары

2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары

          

         Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттарды басшылыққа алу қажет:

- мемлекеттік жастар саясатын әзірлеу мен жүзеге асырудың кешенділігі, ресурстарды топтастыруға бағыт алу (барлық жауапты және мүдделі тараптарды жұмылдыру, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық салаларды қамту);

- елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және әр топтағы жастардың қажетті міндеттерінің негізінде жастар саясатының әлеуметтік бағытталуы;

- жастар саясаты саласындағы өнім берушілер мен қызметтерді тұтынушылар үшін ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі;

- жастар саясаты саласында қызметтер көрсеткенде жоспарлау мен жеткізуде мақсатты топтарға нақты саралау;

- барлық деңгейдегі жауапты орындаушылар мен қосалқы орындаушы ұйымдарды кәсібилендіру.

2.2. Адамның тууы және дамуы үшін біртұтас инфрақұрылым құру

2016 жылға қарай жастардың әлеуметтік қорғалған топтарын қолдауды қамтамасыз ету, тұрғын-үй жағдайын жақсарту, өз ісін құру және жұмыспен қамтамасыз ету жүйесі дамитын болады.

Еңбекпен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік кепілдік шаралары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде іске асырылады.

Қоғамдық жұмыстар жүйесін бұдан әрі дамыту, жастарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, «Жастар тәжірибесін» және «Жастардың еңбек биржасын», жұмыспен қамтитын жастар орталықтары мен еңбек нарығына бейімделу орталықтарын құру бойынша маңызды жобаларды іске асыру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Аталған бағдарламаларды жүзеге асыруға ұлттық компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және бизнес-қауымдастық өкілдері белсенді түрде қатыстырылады.

Жастардың еңбек отрядтарын құру және дамыту арқылы олар қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бұл – жастардың әлеуметтік отрядтары, тәртіп сақтайтын отрядтары, ауылды дамыту отрядтары, жергілікті автомобиль жолдарын көгалдандыру және абаттандыру, салу, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен айналысатын отрядтар.

«Enbek.gov.kz» сайтында техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі, оның ішінде сертификатталған оқу орындары түлектерінің дерек қорын құру жастардың жұмысқа орналасуын болжауға және жоспарлауға септігін тигізеді.

Екінші кезеңде, өңірлік деңгейдегі еңбек нарығында жастарға кеңес беру мен тренингтік қызмет көрсететін бейімделу орталықтарын құру жоспарлануда.

«Жасыл ел» бағдарламасын, экономиканың аграрлық секторын, өнеркәсіпті, құрылысты дамыту бойынша бағдарламаларды іске асыруға, сонымен қатар өздерін жұмыспен қамтуға бағытталған әлеуметтік маңызы  бар жобаларды жүзеге асыруға жастар кеңінен қатыстырылатын болады.

«Жас маман» түсінігі және жастардың осы санаты үшін ең аз әлеуметтік пакет нормативі бекітілетін болады.

Жастарды техникалық және кәсіби білім алуға, индустрияландыру бағдарламасына қатысуға тартатын және ынталандыратын нақты шара қабылданады. Осыған сәйкес «Еңбекке жолдама» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, жұмыс істейтін жастардың өзін таныту, еңбек дауларының алдын алу үшін жастар ұйымдарын құру және экономиканың түрлі секторларының кәсіпорындарында «Еңбекқор» жастар саясатының арнайы корпоративтік бағдарламаларын қабылдау жоспарланып отыр. Бұдан басқа, әр түрлі мамандықтар бойынша «Семсер» Жалпыұлттық сыйлығын беру  жоспарлануда.

Жас мамандарды медицина, педагогика, әлеуметтік және аграрлық мамандықтар бойынша ауылдық жерлердегі жұмыстарға тарту үшін «Дипломмен – ауылға!» жобасын іске асыру жалғастырылады.

Ауылдық жерлерде жастардың тұрақты тұрып қалуы үшін «Ауылдың тірегі!» жобасын іске асыру ұсынылады.

Ауыл жастарының өз ісін ашуы үшін пайызсыз және кепілсіз қаржы бөлу тетіктері қарастырылады. Осы мақсатта «Бастауыш фермер» жобасы енгізілетін болады.

Жастардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін түрлі шаралар қолға алынады. Жатахана саны көбейтіледі, қолданыста бар жатаханаларға күрделі жөндеулер жүргізіледі, сондай-ақ жекешелендірілген студенттік жатаханалар мемлекет меншігіне қайтарылады.

Жас отбасылар үшін (2012 жылғы 1 шілдеден бастап) «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы, сондай-ақ (2013 жылдан бастап) жас мамандарға арналған «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ желісі бойынша жалдамалы тұрғын үйді беру тетігі құрылды.

Жеке қаржыларын басқару, оларды кейс-технологияларды оқытуда қолдану, соның ішінде қор нарығының негіздері, сақтандыру, тәуекелге бел буатын басқару тақырыптары бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда. Осыған сәйкес «Іске сәт!» жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша арнайы жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жоба шеңберінде жастардың бастамашыл жобаларына қолдау көрсетіледі.

Жастар арасында ғылым беделін арттыру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «Қарқын.KZ» жобасын іске асыру жоспарлануда. Осы жоба шеңберінде Жастардың инновациялық идеялар қоры құрылатын болады.

Шығармашыл жастарды қолдау мақсатында халықаралық конкурстар, турнирлер, (ойындарға қазақстандық құраманың қатысуын қамтамасыз ету арқылы) ұлттық байқаулар, ойындар, дарынды жастар арасында турнирлер, соның ішінде жыл сайын Дельфийлік ойындар өткізу жоспарлануда.

Халықаралық тәжірибе негізінде ISIC халықаралық картасы үлгісінде жастардың сәйкестендіру картасын әзірлеу және енгізу болжануда.

Жастарды нақты табиғи дамыту үшін ауылдық жерлерде жастар үшін спорттық және сауықтыру инфрақұрылымдар желісін кеңейту және оның қолжетімділігі, сондай-ақ 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары және жас аналар мектебі, отбасыны жоспарлау желілерін дамыту жоспарлануда. Бұдан басқа, жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін «Алға, Қазақстан!» жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

2.3 Жастарда адамгершілік құндылықтар мен патриотизмді үздіксіз тәрбиелеу жүйесін құру  

Белсенді өмірлік қағидаттары бар, жауапкершілігі күшті және елінің болашағын дамытуға өз үлесін қоса алатын жастарды тәрбиелеу үшін бірқатар шаралар жүйесі енгізілетін болады.

Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат, Әділет, Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және жаңа технологиялар, Сыртқы істер, Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары аясында жастардың үлесін кеңейту бойынша кешенді шараларды іске асыру жалғасады.

Олардың қатарында табысты жас қазақстандық тұлғасын, патриоттық құндылықтар, мемлекеттік рәміздер және мемлекеттік тілді насихаттау бойынша кең ауқымды жобалар іске асырылады.

Жастар саясатын іске асыру нәтижесінде елдің жас азаматының бойында мынадай құндылықтар қалыптасады:

1.   Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;

2.   Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;

3.   Еңбекті құрметтеу; 

4.   Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;

5.   Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;

6.   Табысқа жету жолында қиындықтан  қорықпау;

7.   Отанға деген сүйіспеншілік, оның өркендеуіне қызмет ету.
Жас қазақстандықтың санасында құндылықтарды дамыту үшін келесі идеологемаларды анықтауға болады:

1.   Адалдық адамдықтың белгісі; арыңды жасыңнан сақта, адал есім байлықтан артық;

2.    Қарапайымдылық – адам көркі, еңбек ерлікке жеткізер;

3.    Батырлық  еңбекпен келеді;

4.    Отан отбасынан басталады, шаңырақ – бірлік пен береке белгісі;

5.    Достық – басты байлық, жұмыла көтерген жүк жеңіл;

6.    Бейнет түбі – зейнет;

7.    Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Осы құндылықтарды насихаттау үшін «Отандастар» жобасы әзірленеді.

Сонымен қатар, қазақ диаспорасы өкілдерін іс-шараларға тарту арқылы шетелде білім алып жатқан жастар арасында патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударылады.

Табыстылық және отаншылдыққа тарту үшін жастар арасында еріктілікке, мәслихаттарда, мемлекеттік қызметте, өндірісте және спортта шешімдерді қабылдауға кең қолжетімділік сияқты әлеуметтік саты тетіктері іске қосылады.

 Барлық деңгейлердегі мәслихаттарда, сондай-ақ мемлекеттік қызметке жастар өкілдіктерін тарту мақсатында «Мемлекеттік қызметкер мектебі» жобасы жетілдіріледі және жастар парламентаризмі дамытылады. Сонымен қатар, елдің білім ұйымдарында студенттік кеңестер, клубтар желілері және басқа өзін-өзі ретке келтіру нысандары дамытылатын болады.

Жастармен жұмыстың жеке блогы «Тілдің үштұғырлығы» идеясын іске асыруда оларды жандандыруға арналады.

 Гуманитарлық және педагогикалық мамандықтарды оқыту пәндерінің тізіміне енгізу үшін «Орта білім жүйесінде патриоттық тәрбиені ұйымдастыру» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін құру жоспарлануда.

Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде азаматтық тәрбиелеу бағытының бірі ретінде «Жасыл ел» жобасы мен жастар экотуризмі дамытылады.

Неке және отбасы институтының рөлін күшейту мақсатында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұрпақ сабақтастығын сақтауға, үлкендерді құрметтеу және кішіге қамқорлық көрсетуге бағытталған «Шаңырақ» кең ауқымды жобасы іске асырылады.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту үшін «Отаныма қызмет етемін!» атты жалпыұлттық жобаны әзірлеу мен іске асыру жоспарлануда.

Мықты ақпараттық-талдамалық қолдау ұйымдастырылып, сонымен қатар табысты жас қазақстандықтың тұлғасын насихаттауға бағытталған республикалық жастар газеттері, талдамалық журнал, телебағдарламалар, толықметражды көркем және деректі фильмдер, телехикаялар, жаңа әндер мен музыкалық клиптер, «е-zhastar» интернет-порталы құрылады.

2017 жылғы 28-ші Қысқы Дүниежүзілік универсиада секілді  ерекше оқиғаларға арналған жастар жаппай қатысатын шаралар өткізу жоспарлануда.

 

 

2.4 Мемлекеттік жастар саясаты институттарын нығайту

Республикалық және аумақтық деңгейлерде жастар саясаты саласындағы уәкілетті органдардың құрылымының тиімділігін арттыру Тұжырымдаманы сәтті іске асырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мәртебесі жергілікті атқарушы органдар жанындағы жастардың консультативтік-кеңесші органдарының қызметі туралы үлгілік ережені келісу құзыреттілігін беру арқылы күшейтіледі.

Мемлекеттік басқару органдарында жастардың қатысуы мен өкілеттігін қамтамасыз ету мақсатында жастар саясаты саласында консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс істеу үлгісін анықтайтын тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленеді.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік жастар саясаты мәселесі бойынша заңнама жаңартылады.

Жастар саясатын ведомствоаралық үйлестіру, талдау мен мониторингісін күшейтетін бірқатар заңға тәуелді  нормативтік-құқықтық актілер қабылданады.

Алғаш рет жастар саясаты саласында жоспарлау жүйесін құру бойынша шаралар жасалатын болады. Ол үшін мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай талдау, мониторинг жүргізу және жоспарлау әдістемелері әзірленіп, енгізіледі. Осы қызметті қолдау үшін «Жастар» сарапшылық-талдамалық құрылым

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.