Ikitap - Қазақстанның ашық кітапханасы

Қазақша кітаптар қорын іздеп жүрсің ба? Ikitap жобасы - бұндайда таптырмас құрал. Қазақстанның ашық кітапханасы деп аталатын жобада түрлі жылдары жарық көрген қазақ әдебиетінің туындылары жетерлік. Бұған қоса заң, психология, саясат, тарих, философия, экономика, әлеуметтану, іс-қағаздар секілді түрлі тақырыптық әдебиет те бар. 

Кітапханада Creative Commons лицензияларының негізінде жарық көрген үлкен кітап қоры, аудио- және видеофайлдар жинақталған. Оның негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген туындылар құрайды. Портал қазақстандық интернет үшін кітапты онлайн оқуға және оның мәтінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей қосымшасымен ерекше. Болашақта жоба кітап таратудың озық технологияларына сүйенген ауқымды электронды кітапханаға айналуы тиіс.

Қорда он-лайн оқуға арналған мәтіндік нұсқадағы кітаптар да, тыңдауға арналған аудиокітаптар да бар.

Кітаптардан бөлек мультфильмдер мен музыка қоры ресрусқа орналастырылған.

Қазақстанның ашық кітапханасы: http://ikitap.kz/.

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.