Өзіне күле білу...

Өзіне күле алған адам күлкінің не екенін шынымен түсінеді

- Сен наша қолдансаң, төңірегіңдегінің бәрін ата бастайсың!

- Мен төңірегімдегі маймылдарды ғана атамын.

- Есуал, олар маймылдар емес - армяндар!

(Армян режиссері Гор Киракосян түсірген "Билет на Вегас" фильмінен)

 

Көрермендер арасында фильмдердің белгілі бір түрлеріне өшпенділік пайда болған. Кейбірі тіпті өзінің пайымына сәйкес келмейтін категориядағы өнімдерді, егер оған билік берсе - әлемге көрсетуге тыйым салуға бар.

Мысалы, фильм міндетті түрде: қазақы, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін, мұсылмандыққа тәрбиелейтін болуы керек деп есептейді. 

Кино - үлкен өнер. Оны белгілі бір шеңбердің ішінде ұстауға болмайды, ұстай да алмаймыз. Егер бір елдің кино өнімдері жоғарыдан келген бұйрық арқылы тек бір ізбен түсірілетін болса - ол елде енді кино бар деп айту қиын. 

Борат

Боратты көріп жамандағаннан, көрмей тұрып жамандағандар көп бізде. Иә, мүмкін шынымен қазақ халқын қорлайтындай кадрлар бар шығар. Шынымен елдің беделін түсіретін көріністер кездесетін шығар. Сонда әрі қарай не істемексіз? Сотқа бересіз? Кино авторларына қастандық жасайсыз? Бәрі кеш: өйткені фильм әлемде хитқа айналып үлгерді. Менше бұдан мәселе тудырудың қажеті жоқ. Бәріне жеңіл қарау керек: бәрін әзіл деп қабылдау. Егер Саша Барон Коэн фильмде өз кейіпкері ретінде басқа кез-келген ұлтты таңдаса - біз етегімізді ашып тырқылдап күлер едік. Өзіміз сондайда идеал бола қаламыз...

Ресейдің шоуларын алып қарайықшы: юморлардың көпшілігі өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне арналады. Өз-өздеріне күледі, елдегі проблемаларды, халық арасында қалыптасқан түрлі канондарды әзілмен жеткізеді. Оған ренжіп жатқан ешкім жоқ. Керісінше, бәрі экран алдына жиналып алып өз-өздерінің, туыс-жақындарының мысал-үлгілеріне қарап жатып алып күледі. 

Әр нәрседен негатив іздемей, әзілді сол күйінде қабылдаудан ұтылмайсыз. Қалай десек те, сақау мен мылқауды келемеждеген отандық әзіл-сықақ театрларына күліп жүрсіз ғой, ендеше бізді "мазақтаған" киноға да неге күлмеске?

Сол театрларша айтсақ, езулеріңізден күлкі кетпесін :)

 

Сурет: facegallery.rufilm.ru

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.