Адамның жады қорап емес

Сана деген - адамның жадындағы естеліктердің жиынтығы. Яки, адамның естеліктері жоғалған уақытта, ол тұлға ретінде құлдырайды.

                          

Сана деген - адамның жадындағы естеліктердің жиынтығы. Яки, адамның естеліктері жоғалған уақытта, ол тұлға ретінде құлдырайды. Адамды тұлға ететін - оның жады өзін қоршаған кеңістік пен уақытта көріп, орналастыра білу қабілеті. 

Бірақ, адамның жады - әркелкі өмірлік факттерге толы қорап емес, онда статикалық суреттер мен бұлжымас мәтіндер сақталмайды. Естелікке толы кітапхана да емес. Ол - процесс, әдетте үздіксіз және әр кезде әртүрлі процесс. Яки, адам әр сәтін еске түсірген сайын қайтадан, жаңадан еске түсіреді. Себебі, жадыдағы жұмысты әркезде әртүрлі жасушалар атқарады. 

Дегенмен, адамның эфолюциялық серпін жасап, қазіргі деңгейге жетуіне сыртқы жады көбірек ықпал еткен сияқты. Жинақталған ақпаратты сыртта сақтауды ойлап табуы: кітапханалар, мәліметтер қоры, кітаптар. 

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.