I love kz

Бәріміз бір болайық...

Елді фотодағыдай сүймейді. Елді сүйген іс қылады. Аласапыран заманда Алашорда өкілдері кең байтақ Қазақстанда егеменді ел құру үшін жиылып іс қылған. Біреуі жұртқа мақала жазған, біреуі гәзет-жорнал шығарған, біреуі малын садақа еткен, біреулер халыққа сөз жеткізген, біреулер кітап шығарып елдің сауатын көтерген, енді біреуі бала-шағасын, ауылын тастап шетелге шығып, Қазақ елін өзгелерге мойындатқан, біреулер түрмеде жатқан Алаш қайраткерлерінің жазуларын көшіріп елге таратып отырған. Әйтеуір құр-айғай, өтірік сөзге берілмей, іс қылып отырған. Тек соның нәтижесінде ғана қазақтың құлан иек кең даласында Қазақстан деген мемлекет құрылған. Ал мынау фотодағы қазақша сөйлей алмайтын, "айлавказахстан" дегенді ғана білетін псевдопатриоттар әліпті таяқ деп білмейді.Сырттай қарасаңыз, ерсі көрінеді. Ал келіп сап ете қалып "I love KZ" деп тұра қалды. Шерт етіп фото қылды. Ал не болды содан? Не пайда? Қазаққа қандай пайда келді? Осындай өтірік пайдасыз әдеттен айырылатын кез келді ғой. Одан да бәрі жамырап ағаш егіп тастамай ма... Немесе әрқайсысы 1000 теңгеден ақша жинап ауылдағы 5-6 баласына қалам-дәптер ала алмай отырған қазақтың талай отбасына барып қайтпай ма... Қазақстанда өз елін сүйетіндер көп деген статистиканың өңшең осындай жамыраған патриоттардан тұратыны өкінішті...

Ержан Алаш

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.