Күт мені

Жаным

Таңертең қырау,
Жан жағыңда тау.
Жапырақ пен жел билейді алаңда вальс Бастон
Сәлемің ыстық,
Жылытты қысты.
Армандап жүрмін,жаным мен сені алыстан.
Жалғыздық қиын,
Кетіп ем қиып.
Сен мені мәңгілік есіңде сақтайм деп ең
Қара бұл думан,
Қоршаған тұман.
Хат жазып отырмын бұл түнде мен саған.
Тағы не жазам,
Сүйіктім саған.
Әскерлік жылдар оңай емес білсең теңім
Түсіндім енді,
Достыққа сендім.
Махаббат бар мәңгілік бар мызғымас сезім.

  • Теги:

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.