С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық унивеситетінде студенттік емхана ашылды

Құрметті студенттер!

Тұңғыш рет С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Студенттік емхананың ашылуымен құттықтаймыз!

«Студенттік емхана» Өздеріңізге, білімгерлерге сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсетудің тиімділігіне қол жеткізу мақсатында ашылып отыр. Алдағы уақытта күндізгі және сырттай оқу бөлімінде оқитын білімгерлердің өзіміздің студенттік емханадан медициналық бақылаудан өтуге және емделуге мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Сіздерге студенттік емханада 3 дәрігер-терапевт, 6 медбике, кардиолог, невропатолог және психологтар қызмет көрсетеді.

 

«Студенттік емхана» Ә.Молдағұлова 29 «А» мекен-жайындағы «Нұр» жатақханасының 5-ші қабатында орналасқан.

Университет басшылығы студенттердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, емхана ашуға мүмкіндік берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Зекенқызына үлкен алғыс айтады.   

Источник: www.kazatu.kz

Комментарии (0)

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.