Меморандумға қол қойды

2017 жылы Дүниежүзілік Қысқы универсиада өтетіні белгілі. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі додада Еуразия ұлттық университеті топ жарып шығуы үшін барынша күш сынасуға тура келеді. Білім ордамыз әр түрлі спорттық жарыстардың, оның ішінде республикалық, аймақтық, тіпті, әлемдік деңгейдегі байрақты бәсекелерде бағын сынап жүрген спорт шеберлерімізбен мақтан тұта алады. Кез келген бәсекеде әр ел ұлтының намысын қолдан жібермеуге, абыройын асқақтатуға тырысатыны заңдылық. Кеше «Астана» баскетбол клубының бас директоры Валерий Тихоненко, «Барыс» хоккей клубы президентінің орынбасары Борис Иванищев, «Астана» футбол клубының президенті Лашын Аймағамбетов, «Астана» велоспорт клубының президенті Әлен Шәйжүнісов университетімізбен ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойды.

sportmemor1

«Мен сіздермен қауышып отырғаныма өте қуанышытымын»,-дейді «Астана» баскетбол клубының бас директоры Валерий Тихоненко. - Еуразия ұлттық университеті – ең мықты университеттердің бірі. Қазіргі таңда оның студенттік баскетболдан ВТБ бірыңғай баскетбол лигасына кіруге мүмкіндігі жетерлік. Мен де аталмыш лигаға қатысуға қол ұшымды беруге дайынмын».

Валерий Тихоненко клуб атынан түрлі тренингтер, баскетболдан басқа да іс-шараларды өткізіп тұруға уәде берді.

sportmemor2

«Барыс» хоккей клубы президентінің орынбасары Борис Иванищевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар кәсіби спорттың дамуына орасан зор ықпалын тигізеді. Біздің спорт шеберлеріміз, спорттық ұйымдар жастарды жігерлендіріп, оларды салауатты өмір салтын қолдауға шақыру, салауатты ел болып қалыптасу мен дамуға тікелей әсер ететіні анық. Ел келешегі салауатты ұрпақтың қолында.

sportmemor3

«Астана» футбол клубының капитаны Қайрат Нұрдәулетов пен баскетбол клубының капитаны Рустам Яргалиев: «Жеңімпаз атануға, ойынның тартысты әрі жемісті болуы жанкүйерлер қолдауымен тікелей байланысты»,-дейді. Сондай-ақ, «Астана» баскетбол клубының бас директоры Валерий Тихоненко Еуразия ұлттық университеті қауымын жақын арада өтетін өз командаларының жарысына шақырды.

sportmemor4

Өз кезегінде, білім ордамыздың студенттері спортшыларды университетімізге жиі келіп тұруға шақырды.

sportmemor5

Айта кететін жәйт, аталмыш шарада «Астана» футбол клубының негізгі мүшесі ретінде Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті Денис Прокопенко да болды. Мамыр айының соңы мен маусым айының басында «Астана» футбол клубының сыйлығына студенттер арасында футболдан жарыс өтпек. Екі жақ тарапынан қол қойылған Меморандумның алғашқы жемісі сол кезден бастау алмақ.  

sportmemor6

Комментарии (1)

  • ааа знаю)))

Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.