Алматыда Юрий Никулиннің циркі өнер көрсетеді

6 сәуірден 12 мамырға дейін Алматыда аты аңызға айналған Юрий Никулиннің циркі өнер көрсетеді, деп хабарлайды artinfo.kz. 

Алматылықтар мен қала қонақтары Ресейдің еңбек сіңірген әртістерінің, цирк өнерінен халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттарының қатысуымен өтетін бағдарламаны тамашалай алады. Бағдарлама аясында «Еркіндіктегі аттар» әлемдік цирктің классикасы, пони, акробаттар, әуе гимнастшыларының, үлкен аюдың аттракционы, антиподтар, үйретілген иттер, көңілді сайқымазақтар, шебер жонглерлердің шоуы өтеді. 

Билет құны 1000-нан 5000 теңгеге дейін.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.