• Джерри Джонсон ресми түрде Қазақстан азаматтығын алды

    Енді бұл ойыншы Қазақстан құрамасына алдағы Азия чемпионатына іріктеу аясындағы ойындарда көмектесетін болады. Бұл мәліметті «Астана» командасының қорғаушысы өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына: «Мен Қазақстан азаматтығын алдым. Бұл менің спорттық ғұмырымдағы тағы бір белес деп білемін. Алдағы уақытта баскетболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына Олимпиада ойындарына жолдама алып беру үшін қолымнан келгеннің барлығын да жасайтын боламын», - деп жазу арқылы таратты.