Алматыда жапон киносының фестивалі өтеді

 

Жапония елшілігінің Алматы қаласындағы бөлімшесі және Олег Борецкийдің киноклубы "Цезарь" кинотеатрының қолдауымен жапон киносының фестивалін өткізеді. Алматыда осымен 13-ші рет өткелі тұрған шара аясында күншығыс елінің тарихы мен мәдениетін, тұрмыс-салтын паш ететін кинотуындылар көрсетілмек. Фестиваль 2013 жылғы 1-3 наурыз аралығында ұйымдастырылады.

Киножиында Жапонияның әлемге танымал анимесінен бастап қазіргі заманның комедиялары мен терең драматиканы қамтитын 5 туындысы көрсетілмек.

Көрсетілім кестесі:

1 наурыз (жұма)

- 19:00 - Фестивальдің ашылуы. "Электричка Ханкю" ("Hankyu densha") / драма, комедия, 2011

2 наурыз (сенбі)

- 15:00 - "Коротышка Маруко" ("Chibi Maruko-chan") / комедия-анимэ, 1990

- 17:00 - "Адреналиновая гонка" ("Adorenarin doraibu") / комедия, 1999

3 наурыз (жексенбі)

- 15:00 - "Счастливый полёт" ("Happy Flight") / комедия, 2008

- 17:00 - "Дора-Хейта" (Dora-heita) / комедия, боевик, 2000

 

Барлық фильмдер жапон тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі. Билет құны - 300 теңге.

 

Дереккөз: kino.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.