Шымбұлақта сноуборд пен тау шаңғысынан ашық чемпионат өтеді

2013 жылғы 2 наурызда Шымбұлақ тау шаңғысы базасында сноуборд пен тау шаңғысынан Алматы қаласының World Class Open 2013 тұңғыш ашық чемпионаты өтеді. Жарысты ұйымдастырушы WorldClassAlmaty фитнес-клубы.

Чемпионатқа 18 жасқа дейінгі тау шаңғысы спорты әуесқойлары шақырылып отыр. Оған шамамен 150 адам қатыспақ. Жарыс Алматы қаласында олимпиадалық спорт түрі - сноуборд пен тау шаңғысын кеңінен тарату, жұртшылық арасында спорттық-бұқаралық жұмыстарды ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, талантты спортшыларды анықтау болмақ.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ескерткіш сыйлықтар мен грамоталар тапсырылады.

 

Дереккөз: inform.kz

Фотосурет: besmart.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.