13 жасар кениялық малын арыстандардан қорғау тәсілін ойлап тапты

Кениялық 13 жасар бала Ричард Турере өзі ойлап тапқан арнайы жүйе арқылы сиырлар табынын арыстандардан қорғап қалды.

Ричард Найроби ұлттық бағымен шектесетін елді мекенде тұрады. Ол ата-анасына мал бағуға көмектесіп келген. Жеткіншек бірнеше рет арыстандардың оларды қан-жоса етіп, жеп кеткендігін  көрді.

Бұндай шабуылдар, әсіресе түнгі уақытта орын алып отырған.

Ол 9 жасында-ақ түнгі мезгілде табынның жанында кішкене шаммен қарауылдап жүргенінде, жырқыштардың жақындамайтындығын байқаған, деп хабарлады Infuture.

Ричард ойлап тапқан әдіс тиімділігін көрсетті. Ол күн батареясынан куат алатын неон шамын көлік аккумуляторына қосып,  іліп қойған.

Қараңғы түскен кезде түрлі-түсті жарық табынның жанында біреу жүрген секілді әсер қалдырып отырған. Соның арқасында кейінгі екі жылда бірде-бір арыстан қарасын да көрсетпеген.

Жеткіншектің ойлап тақан әдісі тұрғындардың арасына кеңінен тарады, ол туралы экологтар да құлағдар болды. Айта кетейік, бұрындары тайпалар табынды қорғау үшін арыстандарға уланған еттің бөлшектерін тастап, өлтіріп отырған. Бұл жырқыш аңдардың күрт кемуіне соқтырды. Ендігі де бұл қадамға баруды қажеті болмай отыр.

 

Дереккөз: inform.kz

Фотосурет: travel.ria.ru

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.