Амазонкалардың отаны - Қазақстан

Ежелгі грек аңыздарындағы амазонкалар яғни, жауынгер әйелдер қазақ жерін мекендеген! АҚШ археологы Жанин Дэвис-Кимбалл бүгінгі әйелдер мерекесінде осындай тарихи жаңалығын жария қылды. Жуырда ғана жарыққа шыққан жаңа кітабында ол амазонкалардың Түркияның Самсун аймағында емес, кең байтақ қазақ даласында өмір сүргенін жазады.

Жанин Дэвис-Кимбалл, АҚШ археологы:

- 1994 жылы Алматы облысының Кеген ауылында болдым. Қазу жұмыстары кезінде қорғаннан көптеген әйелдің сүйектерін таптық. Қастарында садақ жебелері, етіктер, сырғалар мен тұмарлар жатты. Бұл жай әйелдер емес. Нағыз жауынгер қыз- келіншектер болатын. Демек, амазонкалар осы өңірде өмір сүрген болуы мүмкін.

Кимбаллдың тағы бір жаңалығы бар. Оның пайымынша, Есік қаласынан табылған «Алтын адам» еркек емес, әйел. Себебі, жәдігердің жанынан сырғалар мен моншақтар табылған. Бұған қазақ археологтары өз уәждерін айта жатар. Ал, «амазонкалардың мекені- Қазақстан», деген пікірден соң, әлем археологтарының қазақ даласына ағылатын күні де қашық емес-ау.

 

Дереккөз: kaztrk.kz/ Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ, Сәкен СЕЙІТХАН

Фотосурет: thiswas.ru

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.